Әлеуметтік инфрақұрылым – ең бастысы

 Әлеуметтік инфрақұрылым – ең бастысы

  Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов пен елорда әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы білім саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді.  Басты назар саладағы проблемаларда болды.  Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов: «Демографиялық өсімге байланысты оқушы орны, сондай-ақ балабақшалардағы орын тапшылығы жыл сайын артып келе жатыр. Бұл —  біз үшін ең маңызды басымдық. Мемлекет басшысы тапсырғандай, құрылысы басталған мектептерді аяқтап, келесі жылы жаңа нысандардың құрылысын бастау, үш ауысымда оқитын, оқушы орны толық мектептер мәселесін шешу қажет. Елорда мектептеріндегі білім сапасын арттыру да өзекті мәселелердің бірі. Проблемаларды шешудің барлық жолы қарастырылатын «Астана білімі» арнайы қалалық бағдарламасын әзірлеуді ұсынамыз. НЗМ, «Білім-Инновация» қоры, жоғары оқу орындары мен біздің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарды нақты елордалық мектептерге бекітуге болады деп санаймыз. Мектеп автобустары бойынша жобаны, мектеп директорлары мен педагогтері бойынша арнайы жобаны іске қосу мүмкіндігін қарастыруды ұсынамыз. «Оқуға құштар мектеп» жобасын кеңінен насихаттау және мектептерді көркем әдебиетпен, әсіресе, мемлекеттік тілдегі әдебиеттермен қамтамасыз ету қажет. Инклюзивті білім беруді дамытуға көңіл бөлу маңызды. Ерекше балаларға арналған интернаттар салуды ұсынамыз. Сондай-ақ балаларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайту және Астанада жаңа Оқушылар сарайын салу маңызды», — деп атап өтті.

    Білім саласындағы түйткілді мәселелерді бірлесіп шешуге дайын екенін жеткізген Астана әкімі Жеңіс Қасымбек: «Қала тұрғындарының саны жыл сайын 100 мың адамға артып келеді, облыстармен салыстырғанда туу көрсеткіші жоғары. 14 мектептің құрылысы жүріп жатыр. Мектептер жаяу қолжетімді болуы үшін жаңа ғимараттар салуды бастауды жоспарлап отырмыз. «Жайлы мектеп» жобасы аясында да осы мәселелерді шешіп жатырмыз. Әлеуметтік инфрақұрылым – бұл ең алдымен балабақшалар мен мектептер. Білім сапасын арттыру үшін кешенді шараларды қолға алмақпыз. Оқушылар сарайларын және басқа да нысандарды салу мәселелерін шешу қажет. Осы бағытта сіздермен бірлесе жұмыс істейміз», – деп сендірді.

Ермек Сахариев
04.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 96
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 616
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 734
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 646
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 655

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8790
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8190
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11418
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9172
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10403