Алматыда полиэтиленді өңдеу зауыты салынады

Алматыда полиэтиленді өңдеу зауыты салынады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысы барысында: «Алматының Индустриалды аймағында 2023 жылға дейін төрт жаңа өндірістік парк пен полиэтиленді өңдеу зауытын іске қосу жоспарлануда. Әлеуетті инвесторлар 2,5 млрд теңгеден астам инвестиция салуға дайын, олардың бір бөлігін «Almaty Finance» ЖШС қаржыландырады. Шағын кәсіпкерлік субьектілері өндірістік парктерде ролл перделерді, жиһаздық скобтарды, гидравликалық қосалқы бөлшектерді, радиациялық бақылау саласындағы өлшеу құралдарын, ашық спорттық жабдықтарды, фанерлерді, ағаш материалдарын, ламинатты, ковролинды, есік, терезелерді, ас үй мен тоңазытқыш жабдықтарын, киім, аяқ киім, тоқыма, сондай-ақ ас үй, кеңсе және жұмсақ жиһазды шығаратын болады. Жаңа өндірістік парктердің жалпы ауданы 25 мың шаршы метрден асады, мұнда 760 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Алматыда барлығы 11 шағын өндірістік парк іске қосылды, оның ішінде аудандардағы 5 өндірістік парк бар. Олар – «БротМастер» ЖШС, «Ala Estate»ЖШС, Samruk Group ЖШС, CityBus ЖШС, AsiaProm Textile ЖШС, жалпы алаңы 17 мың шаршы метрден асады. Индустриалды аймақта тағы 6 шағын өндірістік пактер құрылған, олар – «Ala Estate»ЖШС, «ADS Industries» ЖШС, «KazStroyTrade» ЖШС, «D&J Investments & Logistic» ЖШС, «Qazaq Plast» ЖШС, «Алтын Даурен Бизнес» ЖШС, бұлардың жалпы алаңы 31,2 мың шаршы метрден астам. Бүгінде шағын өнеркәсіптік парктер сусындар, құрылыс материалдары, қағаз өнімдері, дезинфекциялаушы заттар, комбинезон, металл конструкциялар, жиһаз, галантерея, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары, маскалар мен азық-түлік қаптамаларын шығарады. Алматыда жаңа жобаларды ескере отырып, 2022 жылға қарай 5,9 млрд теңге инвестиция құйылатын 15 шағын өнеркәсіптік парк жұмыс істейтін болады, олардың алаңы 73 763 шаршы метрді құрайды, осының арқасында бір жарым мыңнан астам жұмыс орны құрылады. ӨҮК қатысушылар Алматының Индустриалды аймағының аумағында полиэтиленді өңдейтін зауыт құрылысының жобасын қарады. «Best-Plust Products» ЖШС 2023 жылға қарай жылына 400 миллион дана полиэтилен пакет шығаратын кәсіпорынды іске қосады. 35 жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Компания қалдықтарды қайта өңдейтін «Green Recycle» зауытымен полиэтилен қалдықтарын жинау тжөніндегі меморандумға қол қойды. Өндірістегі қайта өңделетін полиэтиленнен жасалатын өнімнің үлесі 30 пайызға дейін болады»,— деген мәлімет жария етілді.

Ермек Сахариев
24.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852