Алматы полиция департаменті бастығының тергеу жұмыстары жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов Facebook-те: «Алматыда «Mudaraban Capital» компаниясының басшысы қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін ұсталды. 40 жастағы Б. есімді азамат бүгін, 26 қазанда Қылмыстық кодекстің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Еске салсақ, биылғы жылдың 27 сәуірінде бір топ азамат Алматы қалалық полиция департаментіне қаржылық пирамида құру және басқару фактісі бойынша ASTEX.KZ ЖШС, ACD technology ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты ұжымдық арызбен жүгінді. Сотқа дейінгі тергеу барысында 2019-2021 жылдар аралығыңда аталған ЖШС лауазымды тұлғалары жеке және заңды тұлғалармен мемлекеттік сатып алуға қатысуға талап етілген қаражатты тарту мақсатында бірлескен қызмет туралы келісімшарттар жасағаны анықталды. Екіжақты құжатқа сәйкес, фирмалар әр салымшыға ай сайын енгізілген соманың 20 пайызын төлеуі керек болатын. Осындай қылмысқа барды деген күдікке төрт адам ілікті, оның үшеуі соттың рұқсатымен қамауға алынды. «ASTEX.KZ» ЖШС-не 160 салымшыдан екі миллиард теңгеден астам қаражат «Mudaraban Capital» компаниясы арқылы түскен», – деп жазды.