Алматыда «Желтоқсан» ескерткішінің іргетасы қаланды

Алматыда «Желтоқсан» ескерткішінің іргетасы қаланды

Мегаполистің Түрксіб ауданында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Желтоқсан» саябағында ескерткіш тас қаланды. Шараға Желтоқсан бірлестігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысты. Ержан Бабақұмаров: «Нақ осы жерде былтыр «Желтоқсан» саябағы ашылған. Ал бүгін монументтің іргетасы қаланды. Бұл Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орайластырылып отыр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындықты біз бір жыл бұрын бастап кеттік. «Желтоқсан» саябағының орны мен атауы желтоқсан бірлестіктерінің өкілдерімен бірге анықталды. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев монументті орнату туралы тиісті шешім қабылдады. Бұл күн біздің қаламыздың тарихындағы маңызды оқиға болатынына сенімдімін», – деп жиналғандарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Саябақтың ашылуы, болашақта ескерткіш орнату – бұл желтоқсан батырларына құрмет қана емес, олардың ерліктерін мәңгі есте сақтау, болашақ ұрпаққа жеткізу. «Желтоқсан» саябағы үлкен әрі оған келетіндер де көп болады – оны абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Бұрын бұл қараусыз қалған сквер болатын, ал енді қала тұрғындары жаңа қоғамдық кеңістікті аралай отырып, біздің халқымыздың тарихымен танысады», – деп атап өтті ол. Қазіргі уақытта «Желтоқсан» ескерткішінің эскизін әзірлеуге конкурс жарияланды. Сонымен қатар «Желтоқсан» саябағында ашық аспан астындағы мұражай ашылды. Экспозицияларда Желтоқсан оқиғасының кейіпкерлері, тарихи құжаттар, сондай-ақ 1986 жылғы көтеріліске қатысушылар туралы баяндайтын фотоматериалдар ұсынылған. Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет: «Іргетастың қалануы Алматы әкімдігінің желтоқсан оқиғасын мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысының қисынды жалғасы болды. 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі – кеңестік режимді құлатқан тарихи оқиға. Өкінішке қарай, тоталитарлық жүйе алаңға шыққан жас жігіттер мен қыздардың тағдырын бұзды. Желтоқсан көтерілісі Қазақстан тарихында ерлік және сонымен бірге қайғылы оқиға болып қала береді. Сондықтан бүгінгі тастың қалануы және болашақта ескерткіштің ашылуы өскелең ұрпақты тәрбиелеу үшін ерекше маңызға ие және желтоқсаншылардың ерлігіне құрмет болады», – деді. Рәсімге қатысушылар «Желтоқсан» саябағының аумағына тал отырғызды. Болашақта бұл аумақты көгалдандыру жоспарлада. Іс-шара соңында шақырылған Желтоқсан оқиғасына қатысқандар үшін патриоттық әндер орындаған эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт қойылды. 

Ермек САХАРИЕВ
16.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 244
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 240
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 742
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 865
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 778

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8935
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8329
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11557
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9314
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10541