Альварес 4 белбеуді біріктірді

Альварес 4 белбеуді біріктірді

Лас-Вегастағы (Невада, АҚШ) MGM Grand аренада 31 жастағы мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварес өзінен екі жас кіші америкалық Калеб Плантпен жекпе-жек өткізді. «Канело» өзінен. Екеуі «Канелоның» WBA, WBC және WBO чемпиондық белбеулері мен Планттың IBF титулдарын бәске тікті.  12 раундтық жекпе-жек соңына дейін жетпеді. Альварес бірінші раундтан бастап үстемдік етіп, 11-і раундта алдымен Плантты нокдаунға жіберіп, артынша нокаутқа түсірді.  Осылайша, Альварес супер орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атанды. Бұл оның қатарынан сегізінші жекпе-жегіндегі жеңісі болатын. Ол соңғы рет 2017 жылдың қыркүйегінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (41-1-1, 36 КО) алғашқы жекпе-жегін тең өткізген кезде рингтен жеңіліп қайтқан-ды. Бұл – мексикалықтың карьерасындағы 57-і жеңіс, оның 39-ы мерзімінен бұрын аяқталған. Плант болса, өз спорттық мансабында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты. Ол бұған дейін 21 рет жеңген.  Айта кетерлігі «Канело» жекпе-жек алдында GGG 76,2 келіге дейінгі супер орташа салмаққа көтерілсе, онымен үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеген болатын.

Ермек САХАРИЕВ
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18253
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18112
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33302
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31853
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35569