«AMANAT» азаматтардың мүддесін қорғайды

«AMANAT»   азаматтардың   мүддесін қорғайды

«AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов партия активімен жиын өткізді. Бүгінде бүкіл еліміз бойынша «аманаттықтар» азаматтардың мүдделерін қорғауға қатысты жұмысқа баса назар аударуы керек екенін атап өткен ол: «Үкіметтің соңғы кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қоғамды толғандырып отырған бірқатар нақты әлеуметтік-экономикалық проблеманы атап өтті. Олардың ішінде: бағаның өсуі, жекелеген тауарлар түрлерін жеткізудегі іркілістер, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері, халықтың нақты табысының төмендеуі сияқты мәселелер бар. Партия бұл жұмысқа белсенді араласуы керек. Жергілікті жерлердегі ахуалдың тиімді мониторингін қамтамасыз ету маңызды. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы ерекше назарда болуы тиіс. Жүйелі проблемаларды жедел анықтап, олар бойынша өз шешімдерін ұсыну қажет.  Бұл үшін «аманаттықтардың» барлық қажетті ресурстары бар, атап айтқанда:  кең филиалдық желі, азаматтар көмек пен қолдау үшін келетін қоғамдық қабылдау бөлмелері, сарапшылар мен белсенді азаматтық ұстанымы бар адамдарды біріктіретін қоғамдық кеңестер. Осы қолда бар ресурстардың барлығын қазір алыпсатарлықтың кез келген түрлерімен күресуге бағыттау керек. Партия мүшелері аса маңызды өнімдер бағасын негізсіз көтеруге жол бермей және адал кәсіпкерлердің мүддесін қорғай отырып, тауарды жеткізушілерден дүкен сөрелеріне дейінгі барлық жеткізу тізбегін қадағалап отыруы тиіс», – деді.  Кеңес барысында партия Төрағасына «AMANAT» қазір жүзеге асырып жатқан әлеуметтік маңызды жобаларға қатысты жұмыстар туралы баяндалды. «Жер аманаты» жобасы аясында азаматтар үшін ауылшаруашылығы жерлерінің қолжетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Оның басты мақсаты – пайдаланылмай жатқан, оның ішінде заңсыз жекеменшікке өткен жерлерді мемлекет меншігіне қайтару және оларды ауыл тұрғындарына ұсыну. Партия мүшелерінің арқасында 267 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Жұмыс еліміздің барлық өңірінде жалғасуда. «Ауыл аманаты» жобасы аясында Үкіметпен бірлесіп ауыл тұрғындарының табысын арттыру және ауылдық округ әкімдерін өндірістік дағдыларға үйрету бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, жақын арада арнайы марафон барысында «аманаттықтар» 179 аудандағы 394  елдімекенге баруды жоспарлап отыр. Бұл 250 мыңнан астам қазақстандықты «Ауыл аманаты»  жобасы туралы хабардар етуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жоба бойынша 2,3 мыңнан астам ауылдық округ әкімдері оқытылды. Ірі бастауыш партия ұйымдарының базасында бүкіл еліміз бойынша 1 тамыздағы жағдай бойынша 286 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды, оған 1200-ден астам өтініш келіп түсті. Тұрғындар көтерген мәселелерді шешу үшін жүйелі жұмыс жасалды. Атап айтқанда, қазақстандықтардың өтініштерін қарау нәтижелері бойынша Батыс Қазақстан облысының Ұялы ауылында электр желілері үшін жаңа бағаналар орнатылды, Батыс Қазақстан облысының Жұлдыз ауылындағы мектепті салған құрылысшыларға жалақы бойынша қарыздар төленді.  Тараз қаласындағы құрылысшылардың да осыған ұқсас мәселесі шешілді. Тек партия мүшелерінің араласуынан кейін ғана Ақмола облысының Красный яр ауылындағы жолдарды жөндеуге қаражат бөлінді. Партия әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне баға мониторингі бойынша 216 топ құрды. Бір аптаға жетпейтін уақыт ішінде бүкіл еліміз бойынша 1045 сауда нысандарында 700-ден астам рейд жүргізілді. Анықталған фактілердің ішінде ең резонанстысы: белгілі бір тауарлардың жетіспеушілігі, бағасының көрсетілмеуі, белгіленген шекті бағадан асып кету. Әрбір анықталған проблема бойынша жағдайды түзету үшін жедел шаралар қабылданады. Кеңес қорытындысы бойынша «AMANAT» Төрағасы Ерлан        Қошанов партияның Орталық аппараты мен өңірлік филиалдарының алдына жұмысты күшейту бойынша бірқатар нақты міндет қойды.

 

Ермек Сахариев
11.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 58
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 31
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 59
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 23
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 56
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 168
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 172
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 388
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 353
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 970

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9048
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8444
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11671
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9435
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10652