2023 жылдың қараша айының 14 жұлдызы Қазақстан халқы үшін тарихи күн болды. Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті. Бұл қуанышты жаңалыққа орай, Жаңаталап ауылының тұрғыны дүние есігін ашқан сәби Рәпілбек Айбатыр Серікұлы мен ата-анасы Серік Қожақұлов пен Аймира Шаханды құттықтап, Жуалы аудандық АХАТ бөлімінің басшысы Д.М.Қалдыбекова
арнайы үйлеріне барды. Сондай-ақ, Мемлекеттік корпорация атынан алғашқы ресми құжат, туу туралы куәлік және естелік сыйлықтар табыс етті.
- Дүниеге сәбидің келуі - өмірдің бір ғанибет – ғажабы деуге болады. Шаңырақтарыңызды қуанышқа бөлеп, дүниеге келген сәбидің бауы берік, өмір жасы ұзақ болсын. Ер жетіп, сіздердің қолқанаттарыңыз ғана емес, ел тізгінін ұстар азамат болып өсе берсін. Артынан іні - қарындастарын ерте берсін. Әрдайым көз қуаныштарыңыз болып, ең бастысы, қазақтың ұлы деген атқа лайық болсын! - деп ізгі ниетін білдірді Динара Мұхаметжанқызы.