«Ақ жол»: Банктер қарызын төлей алмаған адамның мүлкін тәркілеген кезде бағалау құнын кемітпеуі тиіс

«Ақ жол»: Банктер қарызын төлей алмаған адамның мүлкін тәркілеген кезде бағалау құнын кемітпеуі тиіс

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары А. Смаиловқа

 

ҚР Қаржы нарығын реттеу және

дамыту агенттігінің төрағасы

М. Әбілқасымоваға

 

Екі күн бұрын Алматыда қайғылы жағдай орын алып, банк борышкерін көшіру кезінде бес адам қаза тапты.

Біздің фракция келеңсіз оқиға құрбандарының туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Біз зорлық-зомбылықты кез-келген түріне, әсіресе, адам өлімі орын алған мұндай жағдайларға қарсымыз.

Қылмескердің бұрынғы құқық бұзушылықтары туралы ақпарат бар екенін ескере отырып, құқық қорғау органдарын мұқият тергеу жүргізуге және осы атыстың барлық мән-жайларын анықтауға шақырамыз.

 

Сонымен бірге, бұл драманың бірқатар жағдайлары тек полиция тарапынан ғана емес, сонымен бірге қаржылық реттеушілер тарапынан да бөлек зерттеуді қажет етеді.

Қайғылы оқиғаның себебі жалғыз тұрғын үй үшін дәрменсіз борышкердің банкпен дау-дамайы болғандығы белгілі. Ашық көздерден алынған ақпарат бойынша, 121 млн. теңге қарыз болған борышкерден банк бағалау құны 184 млн. теңге жер учаскесі бар тұрғын емес үй-жайды алып қойды, банк ол үй-жайды алу кезінде 96 млн. теңгеге қайта бағалаған (яғни екі есеге аз!).

Осы мүлікке қосымша, банк борышкердің тұрғын үйін де алуға шешім қабылдады.

Бірнеше жылдан кейін банк өз көздегеніне қол жеткізді, қарызданушымен қоса оның кәмелетке толмаған балаларын көшеге қуып, жалғыз баспаналарынан айырды.

 

Дәл осындай жағдайға кәсіпкерлікпен айналысуға тәуекел еткен немесе жай ғана кредит алған мыңдаған азаматтар тап болуда.

Көптеген борышкерлер көбінесе өз-өзіне қол жұмсауға дейінгі шараларға барады, бірақ бұл жағдайда борышкер қаруды басқа адамдарға қарсы қолданған.

Бұл жағдай халықтың орасан зор кредиттелуіне, оның ішінде Ұлттық Банктің жоғары базалық мөлшерлемесіне, осындай даулар бойынша сот шешімдерінің әділетсіздігіне және сот орындаушылары мен банк қызметкерлерінің ықтимал сөз байласуына тағы да назар аудартады.

Айта кетейік, 2014 жылдан бастап «Ақ жол» фракциясы ондаған рет «Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы» заңды әзірлеуді ұсынған болатын, онда амалсыз қалған азаматтардың өмірлік құқықтарына кепілдік беру, оларды баспаналарынан айырмау, балаларын тамақтандыруға және тәрбиелеуге мүмкіндік беру қажеттігі көрсетілуі керек. Несие алар кезде қаржылай жағдайларына дұрыс мән бермей, несие жарнамасына бойы алдырғандарына  қарамастан, оларды аштық пен кедейлікке итермелеу керек емес. 

2015 жылы мемлекеттік органдардың бас тартуына байланысты біз тіпті өз заң жобамызды әзірледік, оны Үкімет бұғаттады.

Бірақ уәкілетті органдардың өздері бұл құжатты қабылдауды үнемі кейінге қалдырады.

Кешегі құрбандар - мыңдаған шағын кәсіпкерлер мен қарапайым борышкерлердің жағдайына немқұрайлы қараудың тікелей нәтижесі.

 

Банктің әрекетін түсінуге болады, өйткені оның міндеті – ақша табу. Алайда, дәрменсіз борышкердің кепіл мүлкін алып қою кезінде бағалау құнынан ауытқу 10-15%-дан аспауға тиіс, өйткені кепілге ресімдеу кезінде мұндай мүлік бастапқы кредит сомасының 30-40%-ға төмендетіледі. 

Осыған байланысты Қаржы нарығын реттеу агенттігіне банктердің іс-қимылдарынан қорғансыз болып көрінетін борышкерлердің алып қойылатын мүліктің құнын төмендету бойынша банктердің мүмкіндіктерін шектеу қажет деп санаймыз.

Сондай-ақ, сабын көпіршігі секілді кредит сомасын жасанды көбейтуді тоқтату үшін кредиттер бойынша мөлшерлемені төмендету қажет, ол үшін бүгінде кез келген жағдайда инфляцияны тежемейтін, бірақ ЕДБ мөлшерлемелерінің барабар жоғары болуына себеп болатын Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемеге қатысты саясатын қайта қарау қажет.

Кешегі жағдайдың ескере отырып, осы проблеманы кешенді түрде шешу керек.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы келесіні талап етеді:

1. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне қарыз алушылардың заңды құқықтарына қысым жасауына жол бермей, банктердің мүлікті бағалауын төмендету мәселелерін шұғыл пысықтау;

2. Кепілге салынған мүлікті өткізу кезінде банктердің лауазымды адамдарының және сот орындаушыларының сөз байласу мүмкіндіктерін болдырмау;

3. Болашақта осындай қайғылы жағдайды болдырмайтын "Жеке тұлғалардың банкроттығы туралы" заң жобасын жедел әзірлеу.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы

«Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы
22.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 221
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 216
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 722
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 845
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 758

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8914
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8308
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11535
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9292
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10520