Арман Шураев: Ресей Қазақстанға шабуыл жасамайды

Арман Шураев: Ресей Қазақстанға шабуыл жасамайды

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған сәттен бастап Ресей – еліміздің стратегиялық серіктесі және одақтасы болып келгеніне қарамастан, соңғы кезде әлеуметтік желілерде Қазақстанға қатысты Ресей саясаткерлері тарапынан түрлі арандатушылық әңгімелердің айтылып келгені мәлім. Сондай ақпараттық қоқан-лоққыға қоғам белсендісі Арман Шураев тойтарыс берді деп жазады  Рaryz.kz  Facebook -тағы Арман Шураевтың парақшасына сілтеме жасап.  
Осыдан 80 жыл бұрынғы ІІ Дүниежүзілік соғыстағы КСРО-ның жеңісіне үлес қосқан АҚШ ленд-лиз арқылы жасаған көмегі, Ресейдің қазіргі сәттегі әскери қуаты туралы нақты деректермен айтқан. 

"Ресей Украинаға соғыс ашқан 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап, Украина тек өз елінің тұтастығы мен халқының бостандығы үшін соғысып жатқан жоқ. Украина халқы ТМД құрамына кіретін барлық мемлекеттердің демократиялық бағытта дамуы үшін соғысып жатыр делінген болатын. Бүгінгі күннің ақиқаты осы. Сондықтан да, қазақ халқы осы бір қысылтаяң шақта украин халқына қолдан келгенінше, бірнеше дүркін гуманитарлық көмектерін жіберді"- дейді қоғам белсендісі А.Шураев.

"Іріген ауыздан шіріген сөз шығады"- десек те, халқымыз монолиттей тұтас болса, біз еңсермейтін қиындық болмайды. Ал, соғыстың беті әрі болсын!

 

Рaryz.kz
09.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 144
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 142
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 656
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 776
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 689
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 699

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8838
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8236
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11463
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9220
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10447