Ару қала – Алматы

Ару қала – Алматы

      

  Алатаудың төсіндегі алқасы,

Білім менен мәдениет ордасы,

Бір қала жоқ жететұғын жерұйық

Алматыға  шаһарлардың қолбасы.

  Қысы-жазы жасыл желек жамылған,

Күллі әлемге апортымен танылған,

Алматыдай әсем қала жоқ жерде

Бір көрсек деп шетелдік жұрт ағылған.

  Қонбайтұғын кірпігіне мұң-нала,

Махаббаттың тал бесігі бұл қала.

Алматыдай бір қала жоқ қайтадан

Бой көтерген күл қылғанда зілзала.

  Тарихы бар сан ғасырлық қаланың,

Көшесінде ізі қалған бабаның.

Жібек жолы өткен қала кешегі

Төлқұжаты қазақ сүрген даланың.

  Алматыны өркениет ортасы

Бұрын білсе, ол  Медеудің арқасы.

Бүгіндері бұл қаласыз бір елдің

Жасалмайды глобус пен картасы.

  Қонаевтың еңбегі зор қалаға,

Заманбек те қалмақ мәңгі санада.

Желтоқсанда бас көтеріп боздақтар,

Атқан сонда теңдік таңы жаңада.

  Бас аланда  тәуелсіздік бесігі,

Ашылып кең азаттықтың есігі,

Қайрат, Ләззат секілді өндір жастардың

Жазылған-ды қанмен мәңгі есімі.

  Оны бұрын Алмату мен Алмалық,

Ал бертінде Верный деп атадық.

Алма-Ата боп Кеңес кезі аталса,

Алматыға кеп бүгінде тоқтадық.

  Әсем қала, ару қала, гүл қала,

Сұлулықтың символындай үрзада

Алматыға  күллі қазақ киесі,

Жарасады шуақ шашқан нұр ғана.

  Жер жәннаты Жетісудың жамбысы 

Алматыға ғашық бүгін сан кісі.

Соның бірі  сені менен мына мен,

Біздер үшін осы қазір мәндісі.

  ...Алма атасы деген атқа лайық

Қала бүгін ренжіп тұр мұңайып.

Өйткені, оны қолқа қапқан көк түтін

Тұншықтырған, бұл  біздерге басты айып...

 

        

                             

 

Ермек САХАРИЕВ
23.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3647
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3852
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18779
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17457
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20890