Арубаев бесағаштық жастардың өтінішін орындады

Арубаев бесағаштық жастардың өтінішін орындады

Бірлігі бекем ауылдың берекесі бар. Ауызбіршілік пен ұйымшылдықтың шынайы көрінісі ауыл-аймақта мықтап орнағанын аңғару қиын емес. Әсіресе, тай төбеліндей ауылдар бірлікте, тату-тәтті ғұмыр кешеді. Байқасаңыз, дардай дарындылар мен атағы нарға жүк болатын спортшылар аядай ауылдан түлеп ұшады.

Жоғарыдағы мысалымызды салмақтай кетер болсақ, жуырда сапарымыз Бесағаш ауылына түсіп, аудан әкімі Сәкен Арубаевпен бірге құны 11 млн теңгені құрайтын кіші футбол алаңының ашылуына куә болдық.

Еңкейген қариядан, еңбектеген балаға дейін жиналған бесағаштықтар ауылдағы игіліктің басы-қасында жүр. Облыстық мәслихат депутаты, қазақ күресінің ақтаңгері атанған Бейбіт Ыстыбаев бастаған балуандар да осында. 

Ашылуы салтанатына сай безендірілген алаңның ені 22, ұзындығы 44 метрді құрайды. Жасанды төсеніші біркелкі төселгені мердігер компанияның тірлігіне тұрғындар тарапынан тексеріс ұдайы жүргізілгенін аңғартады. 

Қариялармен жүздескен өңір басшысы бесағаштықтар үшін жағымды жаңалықтармен бөлісті.

 – Бүгін ауылдарыңызға арнайы ат басын бұрып отырмыз. Есептік кездесулер мен қоғамдық қабылдауларда алдыма келген Бесағаш ауылының жастары спорт алаңының қажеттілігі туралы бірнеше рет сауал жолдап, спорт саласындағы түрлі жеңістері мен жетістіктерін жайып салғанда таңқалған едік. Жастар осындай игіліктер туралы өтініш білдіргенде оны қалайша жүзеге асыруға күш салмаймыз?! Содан ауыл әкім Бейбіт Нигматуллаев осы алаңның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, ауданға ұсынды. Оған тиісті қаржысын бөліп, мына ашық алаңды салып отырмыз. Жастар тек күндіз ғана емес, түнгі уақытын да тиімді пайдалану үшін жарық шамдарын орналастырдық. Бұл жұмыстарға білек сыбана кіріскен аудандық мәслихаттың депутаты Дәурен Ахметжаевтың да еңбегі ерең. Ал, бұдан бөлек әмбебап спорт кешенін салу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарына қаражат қарап, құны 480 млн теңгенің көлеміндегі спорт кешенін салуға облысқа өтінім бердік. Алдағы уақытта мұның да оңтайлы шешімі шығады деп үміттенеміз. Сапалы ауыз судың мәселесі байламын тапты. Ауыл қариялары мұны да көтерген болатын. Республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қаралып, Түрксіб пен Бесағаш ауылдарын ауыз сумен қамту жұмыстары басталды. Бұл жұмыстар екі жылға жоспарланғанын атап өткім келеді. Бүгінде мердігер өкілі қажетті заттарын орналастыруда, – деді Сәкен Қаланұлы.

Мұнан соң алаңның лентасын Бесағаш ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жетібай Бөрібеков қиып, ақ батасын берді.

Шарада аудандық мәслихат депутаты Дәурен Ахметжаев, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, «Жекпе-жек» ұлттық спорт федерациясының Жамбыл облысындағы спорт клубының басшысы Елдос Далабай, Қазақ күресінен облыстың аға бапкері Руслан Мұхаметқалиев, Абай атындағы орта мектептің директоры Қайыржан Сейсенғалиев салмақты сөз сабақтады.

Сондай-ақ Сәкен Арубаев спорт саласында әлем, ел, облыс чемпионаттарында өткен бәсекеде жеңіс тұғырынан көрінген Бибарыс Нұғманға, Береке Рахматуллаұлына, Әділет Ахметқалиға, Әли Әлімбиге, Асылхан Дүйсенбекке, Нұрлан Қырғызбекке, Дилара Бақыткерейге, Ғазиза Ержанқызына Алғыс хаты мен спорттық киімдерді тарту етсе, ауыл әкімі Бейбіт Сұңғатұлы, халық қалаулысы Дәурен Хайроллаұлы, «Іске сәт» өндірістік кооперативінің атқарушы директоры Қадіржан Дөненбаев пен жергілікті кәсіпкерлер ауыл мақтаныштарына естелік сыйлықтар табыс етті. 

Бесағаштықтардың қуанышын бөлісуге аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев, Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Рүстем Қасымов арнайы келді.

Ақжігіт Жетпісбай
11.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 64
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 64
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 536
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 485

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9189
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8587
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11815
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9584
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10798