Әскерден қашқаның – Отанды сатқаның!

Әскерден қашқаның – Отанды сатқаның!

Тепсе темір үзетін он тоғыз жасар жігітпен әңгімелесіп отырмын.

– Әскерге барғым келмейді, – деді ол тұнжыраңқы түрде.

– Неге?

– Қорқамын. Ол жақта ұрады, соғады. Тәртіп қатаң. Ерте тұруың керек... Отанын жанымен қорғайтын болашақ сарбаздың боркемік сөзі осы! Ол біреу емес, мың-мыңдап саналады. Солай, жастарымыздың жүрегінде рух, намыс, жауапкершілік жоқ. Ертең ел шетіне жау тие қалса... Оның бетін әрмен қылсын. Ал жігіттеріміздің сиқы мынау. Рас, әскерде қазір, неге екені белгісіз, өлім көп. Әскерге барушыларға рух беретін шаралар жоқтың қасы. Кеңес өкіметі кезінде оларды сырнайлатып-кернейлетіп салтанатпен шығарып салатын. Әскерге бармағандарды қор, бейшара санайтын. Әрине, ол кезде «черпах», «қарт», «ақсақал» дегендер болды. Бос белбеу жас сарбаздар оларды құрметтейтін. Қазақтың жігіттері Ресейдің сонау-ау алыс қиырларында жүріп, қазақтың да, өздерінің де намыстарын ешкімге таптатпай зор абырой бедел жинап қайтатын елге. Ол кезде әскери қызмет уақыты екі-үш жыл болатын. Қазір бір-ақ жыл. Жігіттеріміз осы аз уақыттың өзіне шыдамай жатыр. Негізі, нағыз сарбаз болып қалыптасуға бұл өте аз уақыт. Әскерге барғысы келмей жүрген жігітім, бұл әрекетіңмен өзіңнің сужүрек қорқақ екеніңді дәлелдеп отырсың. Ажалдан қорықпа! Ол суық сәт келгенде қай жерде жүрсең де қашып құтыла алмайсың. Қиындықтан қашпа! Әскер сені шыңдайды, шынықтырады. Оның үстіне өзіңді еркек ретінде сезінесің. «Сарбазбын» деген сөздің өзі ғажайып емес пе?! Ал сен болсаң, әскерге барғың келмей бұлталақтап, неше түрлі сылтау іздеп отырасың. Бұл дұрыс емес! Әскерден қашқаның – Отаныңды, отбасыңды, бауырларыңды, еліңді сатқаның! Арым таза болсын десең, әскерден қашпа, бауырым. Бір, екі, үш! Алға!

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
01.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 673
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8821
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10430