Әскери-патриоттық клубқа Мәншүктің есімі берілді

Әскери-патриоттық клубқа Мәншүктің есімі берілді

Алматыда қазақтың даңқты қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу шарасы өтті. Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың ескерткіші жанында өткен шараға Қорғаныс министрлігінің офицерлері, Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшылығы, Қарулы күштердің ардагерлері, гарнизонның әскери қызметшілері, «Жас сарбаз» республикалық қозғалысының өкілдері, қалың жұртшылық пен қала жастары қатысты. Жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Шара барысында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Алматы филиалының әскери-патриоттық клубының қатарына жаңадан 30 тәрбиеленуші қабылданды. Олар салтанатты түрде ант беріп, жас патриот куәлігін алды. Ұйым басшылығы мен мүшелерінің шешімімен әскери-патриоттық клубқа бірауыздан «Мәншүк» атауы берілді.

Ермек САХАРИЕВ
29.10.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5365
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5522
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20491
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19121
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22582