Асқар Ақаев халық алдында жіберген қателіктерін түзетті

Асқар Ақаев халық алдында жіберген қателіктерін түзетті

Қырғызстан басшысы Садыр Жапаров: «Қазір «Құмтөрмен» бітімгершілік келісімге қатысты құжаттарға қол қою туралы келіссөздер жүргізілуде. Көктемге дейін бұл процесті аяқтаймыз. «Құмтөр» бізге ауысты. Асқар Ақаевтың айғақтарының арқасында осындай нәтижеге қол жеткіздік. Қысқасы, ол өз қателіктерін халық алдында түзетті. Сонымен қатар басқа да саясаткерлер мен шенеуніктерден жауап алу кезінде алынған ақпарат та оң ықпалын тигізді. Бұған қатысты мәліметті кейін егжей-тегжейлі айтып беремін», – деген мәлімдеме жасады. 

Еске салсақ, өткен жылдың 8 шілдесі күні Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысы Камчибек Ташиев республиканың бұрынғы президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиевке «Құмтөр ісі» бойынша халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады. Сондай-ақ Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрлері Апас Жұмағұлов, Өмірбек Бабанов және Игорь Чудинов, Бұрынғы мемлекет басшысы Сооронбай Жээнбековтың ағасы, парламенттің экс-спикері Асылбек Жээнбеков және Бакиевтің кіші ұлы Максим Бакиевке іздеу жарияланды. Асқар Ақаев 1991-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болды. Халық оның отставкасын талап етіп, митингке шыққаннан кейін, ол қызметінен кетті. 2005 жылдан бері ол Ресейде тұрады.

Ермек Сахариев
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 127
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 126
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 642
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 760
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 673
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 685

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8821
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8219
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11446
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9201
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10430