Астана жастары есірткіге қарсы

Астана жастары есірткіге қарсы

Сәуірдің 20 күні елордада «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «ESIRTKEGE JOL JOQ» жобасының ашылу салтанаты өтті. Қаладағы адамдар көп баратын орындардың бірі «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында өткен тәрбиелік маңызы зор бұл шараға «Астана жастары» КММ-нен бөлек «РЕНЕССАНС» оңалту орталығы, «Шанс» халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығы, «Esirtkisiz Bolashaq» қоры қатары бір қатар қоғамдық ұйымдардың басшылары келіп қатысып, көпшілік алдында бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып бара жатқан жастардың есірткіге үйір болу мәселесі туралы деректермен бөлісті әрі біздегі басты проблемаларды атап көрсетті. 

«Астана жастары» Жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Аян Ерментаев бүгінгі шара туралы былай деді. «Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен 2020 жылдан бері «Есірткіге жол жоқ» акциясы аясында үлкен ауқымды іс-шаралар өтікізіп келеміз. Мәселен жастардың арасында бос уақытын тиімді өткізу үшін түрлі спорттық жарыстар, сурет салудан және бейнероликтер түсіруден түрлі конкурстық жарыстар ұйымдастырылды. Ал бүгін Хан шатыр СОО-да «Есірткіге қарсы түруға үгіттейтін суреттердің көрмесі өткізіліп жатыр. Одан бөлек «ESIRTKEGE JOL JOQ» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментімен біріге отырып, қаламыздағы жастар жиі шоғырланатын орындарында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, буклеттер таратамыз. Сондай-ақ адамдар жиі шоғырланатын өзге жерлерде де осы сияқты түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз».  

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің ауқымды жобаларының бірі болып табылатын «ESIRTKEGE JOL JOQ» акциясы, елордада 14-29 жас аралығындағы жастарды негіз ете отырып, нашақорлыққа қарсы тұруға, онымен күресуге үгіттейді. Ауқымды шараның дәстүрге айналғанына биыл үшінші жыл. Бұл жоба Нұр-Сұлтан қаласы Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесе отырып жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – диспансерлік есепте тұрған нашақорлардың санын азайту. Бұл жоба 2022 жылдың сәуірінен желтоқсанына дейін ай сайын жасөспірімдер мен жастар арасында есірткіден бас тарту идеясын насихаттайтын іс-шаралардың кешені ретінде өткізіледі. Әр кезеңде еріктілер полиция қызметкерлерімен, «Ренессанс» оңалту орталығының психологтарымен және «Шанс» халыққа әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету орталығы қызметкерлерімен бірге рейдтерге қатысады. Сондай-ақ елорданың белсенді жастары үшін тренингтер өткізіледі, «Сенің өміріңнің ырғағы» акциясы аясында сурет конкурстары, БАҚ журналистері арасында «Үздік видео сюжет», «Үздік телевизиялық репортаж», «Үздік радиосюжет», «Баспасөздегі үздік басылым», «Интернет басылымдағы ең үздік мақала» номинациялары бойынша байқау, «Instagram» әлеуметтік желісінде сурет салу бойынша бейнероликтер байқауы және есірткіні тұтынуға теріс көзқарасты қалыптастыруға бағытталған спорттық челлендж жоспарлануда. Байқау жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен және дипломдармен жылдың соңында марапатталады. 

Жобаның ашылу салтанаты кезінде «Дейін және кейін» тақырыбында фотокөрме ұйымдастырылды. Көрмеген туындыларын қойған суретшілер еңбектеріне қарап отырып, бос уақытты қалай тиімді пайдалану керектігін ұғынуға болатындай. Себебі жастар мен жасөспірімдердің сабақтан тысқары уақыттарын текке өткізуі, олардың нашар әдеттерге үйір болуына бастайтын бірден бір себеп екені белгілі. Ресми деректерге қарағанда Нұр-Сұлтан қаласында қатысты тараулардың есірткі тұтыну мәселесі бойынша тіркеуге ілінген жастардың арасындағы ең кішкентайы 7 жаста екен. Әрине дүниеден бейхабар 7 жасар сәбидің есірткі тұтынуы сөзсіз ата-анасымен байланысты деп күдіктенуге болар. Алайда бұл қасіретті көрсеткіш дер едік. Мұндай келеңсіздікпен күресу әрбір қазақстандықтың борышы болмақ. Өйткені түрлі жағдайларға байланысты жастар арасында есірткіге салыну мәселесі үдеп бара жатқан жасырын емес. 

Аталмыш шара аясында сурет көрмесінен бөлек семсерлесуден үздік нәтижелер көрсетіп жүрген жас спортшыларымыз келіп көпшілік алдында өнерлерін көрсетті.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
28.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 148
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 145
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 658
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 778
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 691
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 701

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8841
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8238
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11465
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9222
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10449