«Астана жастары» теміржолда абай болуға шақырады

«Астана жастары» теміржолда абай болуға шақырады

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтері қалалық Полиция департаментімен бірлесіп акция өткізді. Іс-шара барысында халыққа теміржол нысандарындағы қауіп туралы ескерту, ТЖ жолдарының жанындағы жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру және жадынамалар тарату мәселелері бойынша жұмыстар атқарылды. «Акция аясында біз желілік Полиция басқармасымен бірлесіп, теміржол нысандарында балалардың жүріс-тұрыс қауіпсіздігі ережесі туралы буклеттер тарату бойынша жұмыс жүргізудеміз»,– деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтері Фараби Аймақ. Акцияның негізгі мақсаты – ТЖ көлік нысандарында жазатайым оқиғалар мен шұғыл тежелулердің алдын алу. «Теміржол – бұл жоғары қауіпті аймақ екенін бәріміз білуіміз керек. Көбіне адамдар белгіленбеген жерлерде жүреді. Өз жолын қысқартамын деп, олар өз өмірін қысқартып алуы мүмкін,– деді Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы Абай Келібаев.

Атап айтар болсақ, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы жастарға консультациялық көмек берумен қатар, елордада аулалық клубтар мен волонтерлік жұмысты үйлестіріп отырған бірден бір орталық. Сондай-ақ қала жастары бұл орталыққа жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері бойынша және әлеуметтендіру бойынша өздерін алаңдатқан сұрақтар бойынша да хабарласа алады. Мұнда сондай-ақ тұрғын үй басқармасы,тұрғын үй құрылыс жинақ банкі және Халыққа қызмет көрсету орталығы өкілдері жұмыс істейді.

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
02.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 173
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 167
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 678
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 798
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 711

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8866
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8262
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11490
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9246
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10473