Астанада аутизмді дүниежүзілік қолдау шаралары өткізілуде

Астанада аутизмді дүниежүзілік қолдау шаралары өткізілуде

2008 жылдан бастап БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, әр 2 сәуірде Дүниежүзілік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Бұл мәселенің маңыздылығы халықаралық деңгейде танылған. Мұндай диагнозы бар балалар саны бүкіл әлемде жыл сайын артып келеді. ДДҰ деректері бойынша әлемде 160 баланың 1-інде аутизм спектрі бұзылғаны анықталған.

Бүгінгі таңда елорданың балалар саны 500 мыңды құрайды. Статистикаға сәйкес, эмоционалды саласы бұзылған балалардың саны бүгінгі күні 3 479 баланы құрап отыр, ал өткен жылы олардың саны 2 899 болған.

Астана қаласы Білім басқармасы осындай санаттағы балаларға жағдай жасау бойынша барлық шараларды қабылдауда. Қазір қалада 4 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті, 2 оңалту орталығы, 29 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді, екі аутизм орталығы ашылды. Дәстүр бойынша, аутизм мәселесі туралы ақпаратты таратудың Дүниежүзілік күнін қолдау мақсатында қалада 1-5 сәуір аралығында бірқатар іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Бұл білім беру ұйымдарының мамандарына арналған конференциялар, оқыту семинарлары, арнайы білім беру ұйымдарындағы Ашық есік күндері, ата-аналарға арналған кеңестер. Іс-шаралардың мақсаты – аутизммен ауыратын адамдарға, олардың отбасыларына көмектесу және олардың өмір сүру сапасын жақсарту қажеттілігіне қоғамның назарын аудару.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
04.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 4
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 14
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 8
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 9

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1170
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7217
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11081
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7282
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7428