Атақты мерген Төлеуғали Әбдібековтің суреті табылды

Атақты мерген Төлеуғали Әбдібековтің суреті табылды

Суреттегі күліп тұрған бұл кісі – Екінші Дүниежүзілік соғыстың ең таңдаулы мергені, атақты снайпер, 1077-інші (кейіннен 30-гвардиялық) атқыштар полкінің, 8-гвардиялық атқыштар дивизиясының, Калинин майданының жауынгері, гвардия аға сержанты Төлеуғали Насырханұлы Әбдібеков (1916-23.02.1944). Қолында СВТ-40 винтовкасы.

Тарихи фотосурет РФ goskatalog.ru сайтынан, оның ішінде «Орталық майдан, 1942-1943 жж., Совет құрлық әскерлері» санаты бойынша табылды. Түсірілген уақыты: 1942 жыл. Авторы Владимир Гребнев. Қазақстан ФБ сегментінде алғаш рет жарияланып отыр.

Фотосуретте қазақтың әйгілі снайпері Төлеуғали Әбдібековтің табиғи ортада әскери міндетін атқару сәті бейнеленген. Ол арнайы маскировкамен жабдықталған әскери дулыға киіп, жайлы жерге жасырынып, винтовкамен нысананы көздеп жатыр. Оның жүзінен батылдық пен сенімділік сезіледі, сондай-ақ күлімсіреген келбеті жауынгердің рухы биік екенін көрсетеді. Қоршаған ортада өсімдіктер мен бұталар көп, бұл оның жақсы жасырынғанын және снайперлік міндетін орындауға дайын екендігін білдіреді.

Заңғар КӘРІМХАН
17.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

122 МЛН КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛАДЫ
Нұрсайын ШӘРІП, Солтүстік Қазақстан облысы - 04.06.2026 64
Орташа   жөндеу жұмыстары жоспарлануда
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ Тараз қаласы - 04.06.2026 66
Жазғы лагерь   маусымы басталды
А. ХАМИТТЕГІ - 04.06.2026 69

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25621
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25085
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42502
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38351
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42873