АУДАНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КҮНІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ

АУДАНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ КҮНІ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ауыл шаруашылығының ел экономикасындағы мәні мен маңызы өте жоғары.
Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалардың нәтижесінде біздің ауданда ауылшаруашылығын дамыту жүйелі түрде іске асырылып, бұл сала қарқынды дамуда. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы саласында өндірілген өнім көлемі 22 млрд. 363,9 млн. теңгені құрады. Биылғы жылы егістік алқаптың көлемі 24 508 гектарды құрап, өткен жылға қарағанда 279,5 гектарға артық игерілді.
Бүгін ауданда ауылшаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні кәсіби мерекесі кең көлемде аталып өтті.
Жаңатас қаласының орталық алаңында өткен "Ел дәулетін асырған еңбеккерлер" атты мерекелік шарада ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі, ауылшаруашылығы техникаларының көрмесі, ұлттық спорт түрлерінен (қол күрес, асық ату, арқан тарту, қошқар көтеру, кір тасын көтеру) жарыстар ұйымдастырылды.
Мерекелік шара ауданның ауылшаруашылығы саласындағы тірліктер мен сала еңбеккерлері туралы видеороликтер көрсетуден басталды. Аудан әкімі Сәкен Мамытов, Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Мұқашев, аудан ардагерлері мен ауыл еңбеккерлері ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін, ауылшаруашылығы техникаларының көрмесін, спорттық ойындарды тамашалап, салтанатты шараға қатысты.
Салтанатты шарада Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің аудан еңбеккерлерін бейне құттықтауы көрсетілді.
Бұдан кейін аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйледі.
- Ауданда ауылшаруашылығы саласы бойынша көңілге қонымды көрсеткіш баршылық. Биылғы жылы қамбаға ойдағыдай өнім жиналып, мемлекеттік қолдаулардың нәтижесінде мал шаруашылығы да дамуда. Төрт түлік малдың басы артты. Өндірілген ет пен сүт өнімдерінің көлемі ұлғайды. Осыдан төрт жыл бұрын халықтың тұрмысын арттыру мақсатында қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасының нәтижесін ауыл тұрғындары көруде. Бұл жоба аясында
тұрғындарға есік алдындағы, ауыл сыртындағы егістік жерлерін игеріп, мал және өзге де қосалқы шаруашылығын дамытуға үлкен мүмкіндіктер туды.
Біздің ауданда Байқадам, Жайылма, Жаңааарық, Игілік, Жаңаталап, Түркістан ауылдық округтері жобаға енгізілді. Бұл жұмыстар одан әрі жалғасын тауып, жобаның ел игілігіне айналары сөзсіз.
Жыл өткен сайын ауылшаруашылығы техникалары да жаңаланып келеді. Биылғы жылы жалпы соммасы 340,0 млн. теңгеге 47 дана ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды. Осындай
жүйелі жұмыстардың және тынымсыз еңбектің нәтижесінде ауданымыздың ауылшаруашылығы саласының әлеуеті зор болатындығына сенім мол.
Сіздердің ауылшаруашылығы саласын дамытудағы еңбектеріңіз өлшеусіз және қашанда құрметке лайық. Ауданымыздың
дамуы жолындағы еңбектеріңіз абыройлы болсын, – деген аудан басшысы, ауданның ауылшаруашылығы саласының қызметкерлерін, сала ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Бұдан кейін, Жамбыл облысы әкімдігінің ауылшаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұржан Мұқашев, Сарысу аудандық мәслихатының төрағасы Шаттық Мұсабеков, "Аманат" партиясы аудандық филиалының төрағасы Мұратбек Есмұрзаев құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.
Ауданның ауылшаруашылығы саласына өзіндік үлес қосқан ардагерлер, үздіктер қатарынан көрініп жүрген бір топ шаруашылық жетекшілері, жеке кәсіпкерлер ҚР Ауылшаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін", "Сарысу ауданына сіңірген еңбегі үшін" мерекелік төсбелгілермен, облыс әкімінің, аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың Құрмет грамоталарымен, Алғыс хаттармен және заттай бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты шарадан кейін жиналғандар мерекелік концерттік бағдарламаны тамашалады.
Сарысу ауданы әкімдігі
02.12.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 87
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 90
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 199
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 417
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 380
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 999

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9074
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8472
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11698
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9461
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10678