Әуесқой бокс: Жүлде санынан еліміз екінші орында

Әуесқой бокс:  Жүлде санынан еліміз екінші орында

Сербия астанасы Белград қаласында мәресіне жеткен бокстан әлем чемпионатында медальдар саны жөнінен Қазақстан құрамасы ІІ орынды еншіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлерін толағай табыстарымен құттықтады. Жалпы әлем чемпионатында ел құрамасы бес медаль олжалады. Олардың арасынан Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі) – алтыннан алқа тақса,   Махмуд Сабырхан (54 келі) мен Серік Теміржанов (57 келі) – күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) – қола медаль алды. Жалпыкомандалық есеп бойынша алғашқы алтылыққа кірген құрамалар төмендегіше: І орындағы Кубаның еншісінде – 3 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль; екінші орындағы  Қазақстан еншісінде – 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль;  ІІІ орындағы АҚШ-тың еншісінде – 2 алтын, 2 қола медаль. Одан кейінгі орындарда: 4. Жапония – 2-0-0; 5. Ресей – 1-2-2; 6. Әзербайжан – 1-0-2; 6. Франция – 1-0-2. 

Медальдардан бөлек, 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздары AIBA-дан ауқымды ақшалай сыйақы алды: алтын үшін 100 000 доллар, күміс үшін 50 000 доллар және қола үшін 25 000 доллар. Сондай-ақ медаль алған қазақстандық боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы: «алтынға» 70 000 доллар, «күміске» 50 000 доллар, «қолаға» 30 000 доллар табыс етті. Осылайша, 2021 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері қатарына енген қазақстандық бес боксшы 595 000 доллар табыс тапты.

Ермек САХАРИЕВ
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4929
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20053
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18697
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22155