«Ақмола облысының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік. бағдарламаларды үйлестіру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Дина Ахметжанова: «Ауғанстаннан көшіп келген 35 адамнан тұратын төрт отбасы Ақмола облысына қоныстандырылуда. Биыл 258 адамға квота бөлінген, біз квотаны 85 пайызға ғана игердік. Келгендер Көкшетау қаласында, Атбасар, Сандықтау және Бурабай аудандарында орналасқан. Олар барлық рәсімдерден өтіп, қандас мәртебесін алады. Заң шеңберінде қоныс аударушыларға отбасының әрбір мүшесіне 70 айлық есептік көрсеткіштен (200 мың теңгеден астам) біржолғы жәрдемақы қарастырылған, сондай-ақ жыл ішінде олар ай сайын 15-тен 30 айлық есептік көрсеткішке дейін тұрғын үйді жалдау және коммуналдық қызметтерді өтеуге қаражат алатын болады. Отбасы мүшелері қоныстанып болған соң, жұмыс табады. Мысалы, Көкшетауға құрамында тоғыз адам бар отбасы келді. Олар «Новопэк» ЖШС-де жұмыс істейтін болады. Олар ҚР азаматы мәртебесін алған кезде еліміздің басқа азаматтарымен тең дәрежеде өмір сүретін болады. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде Ақмола облысына тұрақты тұруға 8983 қандас келді, оның құрамында 40126 азамат бар. Ағымдағы жылы өңірге барлығы 89 отбасы көшіп келді, олардың құрамында 157 адам бар. Талдау көрсеткендей, отбасылардың 47,9 пайызы Моңғолиядан, 29,5 пайызы Өзбекстаннан, 12,1 пайызы Қытайдан келген»,— деп нақтылады.