Азық-түлік бағасы – бұл әлеуметтік өзекті мәселе

Азық-түлік бағасы – бұл әлеуметтік өзекті мәселе

  Премьер-Министрі Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық офисінде орталық мемлекеттік органдардың басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Сонда сөйлеген сөзінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу мәселесі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Азық-түлік бағасы – бұл әлеуметтік өзекті мәселе. Үкімет Инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін, бірінші кезекте АӨК секторындағы құнды қалыптастырудың бүкіл тізбегі бойында бағаларды тұрақтандыру бойынша іске асырады. ҚР-дағы қолайсыз климаттық жағдайлар негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының шығымдылығының төмендеуіне алып келді. Осыған байланысты бағаның өсуі, сондай-ақ көрші елдер тарапынан ауыл шаруашылығы өніміне сұраныстың артуы байқалады. Биыл 8 айда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуі 9,7 пайызды құрады. Соңғы айда бағаның 0,7 пайыздық тармаққа төмендеуі байқалады. Инфляцияға қарсы ден қою шаралары аясында 2021 жылы «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ 87 млрд теңгеге (2020 жылы – 40 млрд теңгеге) ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл ретте сатып алынатын дақылдардың тізбесі 4-тен 9-ға дейін кеңейтілді: жұмсақ бидай, қатты бидай, арпа, сұлы, күнбағыс, рапс, зығыр, соя, қарақұмық. Аталған өнімдер ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін, оның ішінде ұн тарту кәсіпорындарына, құс және мал шаруашылығы шаруашылықтарына өткізу үшін пайдаланылатын болады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бағаны төмендету туралы 68 хабарлама шығарды, 8 тергеу тағайындалды. Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында ӘМАТ-та сауда үстемесінен асып кетудің және сыйақы алудың 46 фактісі анықталды. Осы өңірлердің басшыларына шекті сауда үстемесінен асыра белгілеген сауда субъектілерін жауапкершілікке тарту жөнінде шұғыл шаралар қабылдау қажет. Әкімдіктер мен министрліктерге Инфляцияға қарсы ден қою шаралары кешенінің уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Егін жинау маусымының аяқталуына байланысты әкімдіктерге «айналым схемасы» бойынша қосымша қаржыландыру бөлуді жеделдету және өңірлік тұрақтандыру қорларына бұрын жеткізілген азық-түлік көлемін сатып алуды жүзеге асыру тапсырылады»,– деді.  

Ермек Сахариев
27.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852