Кіндік кескен, туған өлкем Жамбыл облысы болғандықтан, ел жақтан жеткен жақсылы-жаманды жаңалықтың бәрін жіті қарап отырамын. Өкінішке орай, соңғы кездері сумаңдаған суыт хабардың қатары артты. Тіпті, ай емес-ау, апта аралап ажал құшқандар жайлы қаралы, қасіретті ақпараттар тарап жатыр.
Ет жүректі езетіні сол ажал тырнағына ілінгендер ақсақалды қария да, ақ жаулықты әже де емес, ауыздарынан ана сүті кетпеген өрімдей балалар, мектеп оқушылары. Ал себебі неде мұның? Себебі – тезге көнбеген тентектердің төбелесі, ұрып-соғу! Осының бәрін оқып-білген соң үйде жата алмадым. Қан жұтқан аналардың қайғысын бөлісіп, жанына жалау болар бір жылы сөз айтқым келді. Осы ойдың жетегінде Астанадан Алматыға жетіп, одан әрі Шу ауданына – жасөспірімнің өлімі тіркелген ауылға жол тарттым.
Шу ауданы Көкқайнар ауылында
Шу ауданында 15 жасар оқушының өлімі туралы естіп, осы оқиға болған Көкқайнар ауылына кешкі сағат бестер шамасында жеттік.Аудан басшылары күтіп алды, бірден мектепке бардық, Мені сынып жетекшілері мен мектеп басшылары қарсы алды. Жақында ғана қызметке кіріскен Шу ауданының білім бөлімінің басшысы , ауданның ішкі саясат бөлімінің басшысы да сол жерде екен. Облыстан арнайы келген өкілдер де бар. Мектепте өткен кездесуде балалардың тәртібі туралы, жасалған жұмыстар жайлы әңгіме қозғалды. Керемет жұмыстар жүргізілген жылай отыра баяндап жатыр бірақ, бәрінің көзінен мұң байқалады көз жастарына да ерік берді.Өлім қышқан Мирас тәртіпті осы өлімге қатысы бар жас өспірімдер оларда үлгілі отбасында өскен тәртіпті оқушылар.Берген сұрағымнын біріне осындай жауаптар алдым.Бірақ баланы аяусыз өлтіргені ақиқатғой ,себебі не бәрі жақсы дегеннен басқа жауап жоқ.Әрине бұл іске үлкен сабырлықпен жанжақты тексеріс керек.Ол жауаптардын бәріне қанағаттанбадым.
Мирас оқыған мектепте
Кейін қаза болған баланың үйіне бардық. Жан-жүректі езген қайғының куәсі болдым. Еңіреген ана, күйзелген әке, жатып қалған қарт әже… Ең ауыры – марқұмның інісі, тоғызыншы сынып оқушысы өз көзімен бауырының қалай тепкіге жығылып, дүние салғанын көрген. «Қайта-қайта түс көремін, шошып оянамын, ағамның шырылдаған даусы құлағымнан кетпейді. Көз алдыма ағамның қиналған бейнесі елестей береді», – деп боздаған баланың сөзі жүрегімді тіліп өтті. Баланың шошып қалғаны көрініп тұр. Сондықтан оған психологтардың көмегі қажет-ақ. Өкінішке орай,бірнеше күннен бері бұл үйге бірде бір психолог келмеген не ауданнан,не облыстан.
Ата-анасы мен сұмдық жайтты көзімен көрген інісі
Анасы болған жағдайды егжей-тегжейлі айтып берді. Бала моншаға түсіп жатқанда бұзақылар телефонына қайта-қайта қоңырау шалып, сыртқа шығарып алып, ұрып-соғып, тепкілеп дүкенге жұмсайды. Жан сауғалап жалынғанына қарамай, соққыға жығыпты.Шала жансар баланы дүкенге жібереді.Сол жерде бала әлсіреп құлайды.Баланы тұрғызып алып магазиннін артына апарып соққылап өлімге дейін апарады.Ақыры дүкенші анасына хабар береді. Анасы жеткенде баласы бозарып, сөйлеуге шамасы келмей, сол жерде жан тапсырған… Мұны естудің өзі қандай ауыр естудін өзі қандай ауыр.Отбасы бізге бір ғана өтініш айтты: «Қылмысқа қатысқандар, баланы аяусыз ұрып-соғып өлтіргендер ең ауыр жазаға тартылсын!»
Қоғам белсендісі, қазақтың қайсар қызы Бағила Балтабаева
Бұл кездесуге жанұшырып, Алматыдан арнайы келген қоғам белсендісі, қазақтың қайсар қызы Бағила Балтабаева бірнеше жылдан бері феминистер мен ЛГБТ-ға қарсы ашық күресіп жүрген Алматы қаласының Қоғамдық кеңесінің комиссия сарапшысы Бағила Балтабаева да қатысты. Ол марқұмның ата-анасымен, інісімен сөйлесті. Бәріміз баланың басынан сипап, сабырға шақыруға тырыстық. Бірақ баланың шошынған, үрейленген күйін бірден байқауға болады. Мына сұмдықты қараныздар сол баланы осындай дәрежеге жеткенде туған інісін теріс қаратып қояды бәрін құлағымен естіп сезіп езіліп жылаумен болдым дейді.
Ең өкініштісі – әлі күнге дейін бұл отбасына бірде-бір кәсіби психолог келмеген. Көмек көрсетпеген. Мен: «Ең алдымен осы отбасына психологиялық көмек көрсету керек. Өйткені бір баласынан айырылған әке-шеше екіншісінен тірідей айырылып қалмауы тиіс. Бауырын қинап өлтіргенін көріп шошынған Мирастың інісіне психологтың көмегі аса қажет», – дедім. Бірақ облыстан келген кейбір шенеуніктер асығыс күйде қайтып кетті. Бұл – нағыз немқұрайлылықтың көрінісі еді.Әттеген ай бізбен бірге баланын үйіне жүр дедім көндіре алмадым.Білгенім,.Жамбыл облыстық психологиялық қолдау орталығының педагог-психологы Бейсенбаева Раушан Мухамбеткуловна Міне психолгтын түрі!
Анасының айтуынша, ауылда 8-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейінгі балалар арасында ақша жинау әдетке айналған. Мұғалімдер болса бұл жағдайдан бейхабар. Таңертеңгісін «атамандар» тапсырма беріп, кімде-кім ақшасын бермесе, қысым көрсетеді екен. Жиналған ақшаға ішімдік, темекі сатып алынады. Қаза болған баланың анасы: «Ұлым бірінші сабаққа барғысы келмейтін, біз оны ұрсып апаратынбыз», – дейді. Бұл да оның ішкі қысым мен қорқынышты бастан кешкенін көрсетеді. Мирастың анасы бізге «мұны кешіруге болмайды, қатаң жаза болмаса, мұндай жағдай қайталана береді, ендігі кіші балаларым үшін алаңдаймын» деп жылады.9 класстын ағасынын азаппен өлтіргенін көрген балада жылап айтады ансынан сұрадым не байқадыныз баладан балам сабаққа барғысы келмитін қинаумен зорға баратын мен полядамын әкесі қаласындағы жұмысында баланын қорқынышына терен үнілмегенімде рас.Апайлары неге келмейді деп маған телефон шалады мен баламды қинаймын Мирастын "інісі ақша жинап бізге тапсырма беру" бірнеше жылдан бері жалғасуда біз 8 сыныптан бастап осы системаға кіреміз ұрады қорқытады жинайды бұл бір жылдағы тәртіп емес бірнеше жылдан бері қалыптасқан тәртіп дейді.Мектеп мұғалімдеріде басшыларыда бұны білмейді бейхабар нәтижесі міне...кім кінәлі!?
Отбасының жағдайы да ауыр. Әкесі Алматыда жиһаз жасап күнелтеді, анасы ауылшаруашылығымен айналысады. Жұмыссыздық пен тұрмыстың қиындығы қатар ауырлық түсірген.
Баланы жауыздықпен өлтіргендер қатаң жазалансын!-
Ауылдан шыққан соң келесі кезекте Жамбыл облыстық Полиция департаментіне келдім.
Мұндағылар бірден қабылдап, істің мән-жайымен қаныға түстік. Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жанаев Бауыржан Дәулетханұлы, ЖО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Абдикаримов Манас Ақбалтаұлы, ЖО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Калышев Алишер Тиллабекұлы, Жамбыл облысы Полиция департаментінің аға жедел уәкілі Жамбыл облысы Бөгенбаева Құндыз Нұғманқызымен кездестік.Опперативті түрде осы іске байланысты мамандарын жинап Полиция қызметкерлері жүйелі түрде жұмыс істеп жатқанын жұмыс жоспарларын тиянақты түрде түсіндірді біраз нәрсеге қанық болдым қажетті шараларды жүзеге асырып жатқан көрінеді.
Қайғылы оқиғаның қалай өрбігені жайлы Жамбыл облысы ПД Тергеу басқарма бастығының міндетін атқарушысы полиция полковнигі Үйсенбаев Сейтжан Тұрсынбекұлы түсіндіріп берді.
"2025 жылдың 13 қыркүйегінде сағат 20:10 шамасында Шу ауданында елді есеңгіреткен қайғылы оқиға тіркелді. Көкқайнар ауылының 15 жасар тұрғыны, мектеп оқушысы
Мирас Әзімді ауылдастары кешкісін моншада суға түсіп жатқан жерінен қайта-қайта телефонына қоңырау шалып, сыртқа шығарып алып, жауыздықпен өлтірген.
Полицияға түскен хабарламадан кейін сол күні қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама жасөспірімнің өліміне себеп болғаны – кеуде қуысына тиген ауыр соққы, өкпе тамырларының жарылуы және ішкі қан кету екендігін анықтады. Бұл – нағыз қатыгездікпен жасалған қылмыс еді.
Арада көп өтпей күдіктілер ұсталды. Н.Төребек, А.Бұтабай және А.Бейсен уақытша ұстау абақтысына қамалды. 14 қыркүйекте сот олардың екеуін екі айға қамауға алу туралы шешім шығарды.
15 қыркүйекте аудандық сот екі күдікті – Рамазан Бекбосын мен Еркін Батырханға қатысты «үй қамағы» түріндегі бұлтартпау шарасын қолданды. Алайда Шу аудандық прокуратурасы бұл шешімге үзілді-кесілді қарсы шығып, наразылық білдірді. Ақыры 22 қыркүйекте Жамбыл облыстық соты күдіктілерді қайта қамауға алу жөнінде шешім қабылдады" түсіндіріп баяндады.
Мирастын анасынын жалынып өтінген өтінішінін орындалғанын естідім. Әттеген ай бұныда есту қандай ауыр еді.
Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жанаев Бауыржан Дәулетханұлымен жасөспірімдердін тәрбиесіне ерекше көніл бөлініп, осындай жұмыстар жасалып жатқанына сенемін...
Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Жанаев Бауыржан Дәулетханұлымен.
Жұмыс аз жасалып жатқан жоқ.Нәтиже неге жоқ...?.
Кездесу өзара түсіністік пен мағыналы пікір алмасу аясында өтіп,бірлескен жұмыстарды жалғастыру келісімімен қорытындылады.
«500 балаға бір ғана психолог» дейді білім басқармасының басшысы
Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековпен бірге
Сол күні өрімдей жас оқушының өлімі туралы есту қандай ауыр. Жанымды қоярға жер таппай Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Нұрбек Оршыбековке арнайы барып сұхбаттастым.Себебін салдарынан неге осы облыста осыншама оқушылар өлімі көбейіп кетті бәріміздің көкейіміздегі сұрақтарды қойдым.Мектеп ата-ананы,ата-ана мектепті қоғамды билікті кінәләйді.Бұл жайында аз жазылып,аз істер атқарылып жатқан жоқ нәтиже неге жоқ,неге неге деген сұрақтар басым???
Жақсы кездесу болды пікір алмастық ойларымыз бір жерден түйісті.Психолгтар жайында әңгіме ерекше өрбіді.Себебі біздің экспедициямызда ұрпақ тәрбиесі жоспардан түскен емес.Көзі қарақты оқырмандарымыз бұл мәселеге қанық деп ойлаймын бірнеше жылдар бері экспедиция аясында,мектептегі кездесуімізде психолгтар жайында жиі қозғалады.Біз дәстүрлі экспедициямызды барлық облыстарда газет сайттарымызға беріп отырамыз.Талай жаздық бұл мәселені көтердік жауапты министрліктерге қатты жаздық.Өкінішке орай газет оқымаймыз,сайт көрмейміз хатқа жауап алмаймыз!Немқұрайлықты салғыртықты байқаймыз,жылда ісімізді қайта бастаймыз...Психологтардың айлығы мұғалімдердің айлығынан аз, олардың жүктемесі ауыр, сондықтан бала жанына үңіліп, олармен сырласып, жанын түсінетін психологтардың айлығын көтеру керек. Бұл өзекті мәселені біз бірнеше жылдан бері дәстүрлі экспедициямызбен көтеріп жүрміз. Барлық облыстар осы мәселені көтереді. Өкінішке орай, осындай мәселелерді естуге, шешуге тиісті министрліктерді экспедициямыздың қорытында дөңгелек үстеліне шақырып келтіре алмадық...
Нұрбек мырзанын айтуынша , бүгінде Жамбыл облысында 226 мыңнан астам оқушыға небәрі 596 педагог-психолог қызмет көрсетіп отыр. Оның жартысынан астамы – 329-ы сырттай бөлімде білім алған. Ал біліктілік жағынан қарасақ, 200-ден астам психологтың ешқандай санаты жоқ. Бүгінде өңір бойынша 30 психологтың орны бос тұр. Мұндай жағдайда 2000-нан аса оқушысы бар мектептерде әр 500 балаға бір ғана психологтан келетінін ескерсек, бұл штат жеткіліксіз екені анық.
Шынын айту керек, психологтардың басым бөлігі сырттай білім алғандықтан, олардың кәсіби дайындығы да күмән тудырады. Қағаз жүзінде «мамандар бар» деп есептелгенімен, іс жүзінде оқушының жан дүниесіне үңіліп, шын көмек бере алатын сарапшының тапшылығы сезіледі. Балалардың тағдырына тікелей әсер ететін бұл салада «көрінген диплом» емес, шынайы білім мен кәсіби шеберлік қажет.
Тараз қаласының әкімі Орынбеков Бақытжан Әмірбекұлы Тараз қаласы әкімінің орынбасары Сламбекова Ұлана Сламбекқызы
Тараз қаласында болған қайғылы оқиғалармен танысып үйіне мектепке барып кездесіп көніл айтып қайғыларына ортақтастым.Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбековпен, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Сламбекова Ұлана Сламбекқызымен де жолығып, мәселенің мәнін түсінуге тырыстым.
«Біздің болашағымыз – жастардың қолында». Бұл – Мемлекет басшысының әрбір қазақстандықтың жүрегіне жеткен сөзі. Расында да, елдің ертеңін жас ұрпақтың тәрбиесі мен санасы айқындайды. Бірақ соңғы жылдардағы оқиғалар жанымызды жаралап, ойға жетелейді. Жамбыл облысында ғана қысқа уақыттың ішінде бірнеше оқушының қаза табуы, балалар арасындағы қылмыстың көбеюі, жасөспірімдердің өз-өзіне қол жұмсауы – бәрімізге ортақ қасірет.
Мен сексенге таяған, бүкіл ғұмырын ұстаздыққа арнаған жанмын. Қазіргі таңда журналистика саласында еңбек етіп жүрмін. Жүздеген шәкірт тәрбиелеп, олардың қуанышына, жетістігіне куә болған ардагер ұстаз ретінде жүрегім ауырады: біз қайда бара жатырмыз? Бүгінгі қоғамда бала ең әлсіз, ең қорғансыз топқа айналып барады.
Сандарды сөйлетейікші, 2025 жылдың алғашқы сегіз айында елімізде кәмелетке толмағандар арасында жасалған қылмыстар 16,4 пайызға азайған деген ресми мәлімет бар. Бірақ статистикада азайса да, өмірдің ащы шындығы басқа: әрбір азғантай көрсеткіштің артында бір отбасының қайғысы, бір ананың көз жасы, бір әкенің еңіреген үні жатыр.
Жамбыл облысында болған оқиғаны еске алсақ, жүрек қан жылайды: бес бірдей жасөспірім сыныптастарын тепкілеп, өлімге душар еткен. Қайғыдан еңіреген ана, шошынған бауыр, жер таянған әже… Бұл – жай ғана статистика емес, бүтін бір әулеттің қасіреті.
Соңғы айларда облыста үш оқушы мен бір сарбаздың өлімі тіркелді. Бұл – жай кездейсоқтық емес, бұл – жүйелік дағдарыстың көрінісі. Балаларымыздың тағдыры ойыншыққа айналып бара жатқан жоқ па?
Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен суицидтің көбеюінің тамыры тереңде жатыр. Бір ғана себепке тіреп қоюға болмайды. Мұнда ата-ана да, мектеп те, билік те – бәрі жауапты.
Қазақ «Бала – әкенің қорғаны, ананың қуанышы» дейді. Бірақ бүгінде ата-аналардың көбі балаға уақыт бөле алмайды. Бірі күнкөріс қамымен жүр, бірі шетел асып кеткен, енді бірі телефонын құшақтап отырып-ақ тәрбие беріп жатырмыз деп ойлайды. Қараусыз қалған бала қаңғалақтап жүріп, қылмыстың да, қасіреттің де ортасына тап болады.
Бүгінгі мектеп – білім беретін орыннан гөрі есеп беретін мекемеге айналып кеткендей. Мұғалімдер қағазға көмілген, әртүрлі «жобалар» мен «формалды шаралардан» қолы босамайды. Осының салдарынан тәрбие жұмысы кенже қалып барады. Мұғалімдердің арасында өз пәнін дұрыс меңгермегендер де бар, ал психологтар аты бар да, заты жоқ маманға айналды. Жағдайға шын жанашырлықпен араласатын кәсіби мамандар тапшы.
Мектептерде полиция инспекторларының жоқтығы,инспекторлардын жетіспеуі – үлкен олқылық. Бұрын әр мектепте өзіне бекітілген учаскелік инспектор бар еді. Қазір ол жүйе әлсіреп кеткен. Соның кесірінен балалар арасындағы төбелес, буллинг, бопсалаудың дер кезінде алды алынбай отыр.
Елімізде білім министрлері жиі ауысады. Әр министр өз реформасын бастайды, бірақ ешқайсысы соңына жеткізбейді. Бұл – тамыры тереңге кеткен жүйесіздік. Бұған қоса, соңғы жылдары аудандық білім, денсаулық және басқа да бөлімдер тікелей облыстық басқармаларға бағынады. Аудан әкімдерінің құзыреті шектеулі. Салдарынан жергілікті жерде жауапкершілік күмәнді болып қалды.
Мен осы қасіретті оқиға болғаннан бері үш күн бойы Жамбыл облысында жүрмін. Бір байқағаным – шенеуніктердің немқұрайлылығы. Министрге, әкімге кіру қияметтің қияметі. Жазылған жайға көңіл бөлмейді. «Әкім жауап бермесе, басқарма басшылары қайдан жауап берсін?» деген ащы шындықтың куәсі болдым.
Комиссия құрылғанымен нәтиже Неге жоқ?
Біздің ең үлкен қателігіміз – білім саласын вертикалды басқару жүйесі. Аудандардағы білім бөлімдері облыстық білім басқармасына тікелей бағынып, аудан әкімдіктерінің құзырынан шығарылды. Ал облыс әкімдері мен басқармалары білімнің жай-күйінен, оқу-тәрбие ісінің нәзік қырларынан бейхабар. Ауыл мектептеріндегі ахуалды, ондағы сапа мен тәрбиенің жай-күйін орталықта отырып қалай басқармақ?! Олар үшін бұл – жай бір сала ғана. Соның салдарынан аудандардағы білім бөлімдері «бейшара күйге» түсті, қолында нақты құзырет жоқ, бастама көтеруге мүмкіндігі жоқ.
Кадр мәселесі де ушығып тұр. «Кім болса сол» басшылыққа келеді. Тәжірибесі жоқ, мектептің ішкі ахуалын білмейтіндер шешім қабылдайды. Соның кесірінен бірде-бір мәселе түбегейлі шешілмей келеді.
Жамбыл облыстық Полиция департаментіндегі кездесу
Президентіміз ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді жиі көтеріп жүр. Бірақ төменгі буынға жеткенше, айтылған тапсырмалар қағаз күйінде қалады. Әкімдер мен басқармалар тыңдағысы келмейді, журналистердің жазғанын елемейді. «Естімесе – сөз жетім» дейді халық. Өкінішке қарай, айтылған сын да, ұсыныс та билік тарапынан назарға алынбайды.
Комиссиялар құрылады, топ-тобымен мектептерге барады. Бірақ нәтиже қайда? Бала өлімі орын алғанда ғана қозғалып, одан соң бәрі қайтадан ұмытылады. Бұл – қоғамның қасіретті шындығы.
Отбасы-Отан тірегі. Ұлттың негізі – отбасы. Отбасы – шағын мемлекет. Президенттің биылғы Жолдауында әйелдер мен отбасы жайлы айтылған тұстар көңілге қонымды болды. «Әйел азса – ұрпақ азады» дейді дана халық. Бірақ бізде отбасы институты әлсіреп барады. Әлемде ажырасу көрсеткіші бойынша алдыңғы бестіктеміз. Бұл – масқара!
Тәртіптік жаза қолдану мәселені шешпейді
Егер біз себеп-салдарын ашық айтып, күресу жолдарын нақты көрсетпесек, «жауырды жаба тоқумен» жүре берсек, ертеңгі күні кеш болады. Ұрпақ – біздің болашағымыз. Олардың тағдырын ойламайтын қоғамның ертеңі жоқ.
Жамбыл облысында соңғы бір айдың өзінде бірнеше жас өрен бұзақылардың қолынан қаза тапты. Әр оқиға – бір әулеттің орны толмас қайғысы ғана емес, тұтас өңірдің қасіреті. Сонда сұрақ туындайды: осы қаралы отбасыларға неге бірде-бір рет облыс әкімі Ербол Қарашөкеев барып, көңіл білдірмеді? Халықпен жүздеспей, қайғыға ортақтаспайтын басшыны ел қалай сеніммен қабылдайды? Басшының ең әуелі міндеті халықпен бірге болып, мұңын бөлісу емес пе?
Рас, осы оқиғалардан кейін өңірде бірқатар басшыларға тәртіптік жаза қолданылды. Бірақ бұл мәселенің түпкілікті шешімі емес. Қағаз жүзіндегі ескерту мен қызметтік сөгіс – тек уақытша шара ғана. Ал шын мәнінде, қантөгіске жеткізген түйткілдер жүйелік сипатқа ие. Баланың қазасына себеп болған әлеуметтік дертті бір-екі шенеунікті жазалаумен жоя алмаймыз. Бұл – бүкіл қоғамның, ең алдымен биліктің жауапкершілігін талап ететін түбірлі мәселе.
Осы мақаланы жазып отырған сәтімде Тараз қаласынан тағы да суық хабар жетті – тағы бір жасөспірім өз-өзіне қол жұмсапты. Әрбір осындай қасірет – бізге үнсіз ескерту, « біз қайда барамыз» деген жан дауысы емес пе? Бірінен соң бірі жалғасқан қаза қоғамның терең дағдарысын айқайлап тұр. Егер бүгін нақты қадам жасамасақ, ертең кеш болуы мүмкін. Бұл қайғылы оқиғаларға кінәліні іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Өйткені кінәлі – жалғыз бір адам емес, бәрімізбіз. Әр ата-ана – баласына жауап бермейінше, әр мұғалім – өз шәкіртіне жүрек жылуын бермейінше, әр басшы – халықтың мұңын тыңдамайынша, қоғам түзелмейді. Ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарау – ұлт тағдырына немқұрайлы қараумен тең. Демек, бұл қасірет – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз.
Мен бұл мәселеге жай ғана журналист ретінде емес, ең алдымен ана ретінде қараймын. Шу ауданындағы да, Тараздағы да қаралы шаңыраққа барғанда, жылаған аналардың көз жасын көргенде жүрегім ащы шаншып, жаным қоса ауырды. Себебі мен де анамын. Әр бала – өзіміздің ұл-қызымыз секілді ғой. Сол себепті ана жүрегіммен айтамын: Бұл қасірет бәрімізге ортақ. Мұндай жағдайға бейжай қарау болашаққа опасыздықпен тең. Сондықтан бұл тақырып алдағы уақытта да басылым назарында болады, өйткені үнсіз қалуға ешкімнің қақысы жоқ.
Түйін:
Бұл көкейтесті мәселенің қайталанып өршіп жатуының себептері көп. «Жауырды жаба тоқи бергеннен» не ұттық? Салдарының неге соқтырып жатқанын да, күресу жолдарын да ашық айтайық, ағайын! «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ» дейді халық. Кадр мәселесіндегі тұрақсыздық, жүйесіздік, идеологияның, жүйенің жоқтығы ұрпақ тәрбиесін тұйыққа тіреді. Ел басқарып отырған азамат елдің, мұңын тыңдайтын, ұлттың болашағына алаңдайтын жан болуы тиіс.
Идеологияның, жүйенің жоқтығы – ұлттық құндылықтың жойылуы. Идеология саласы мемлекет үшін аса маңызды. Иә, қазір әкімнің идеология жөнінде орынбасарына бір штат бөлінді, бірақ сол саладағы кадр мәселесіне көңіл көншімейді. Тәжірибесіз жас, бұл сала ең ауыр сала екені белгілі. Бірақ бізде бұл салаға да беймәлім адамдар келіп жатыр. Тәжірибесіз, облыста, ауыл, ауданда қызмет атқармаған, жұмыс істемеген, ауылдағы бала тәрбиесімен айналыспағандар идеология саласын басқаруда. Мұндайда қандай нәтиже болады?
Президентіміз айтудай-ақ айтуда, «әттеген-айлар» көп, билікте де, қоғамда да, ата-анада да немқұрайдылық басым. Журналистер жазады, еңбектенеді, біздің ұжым жыл – он екі ай елдің ішіндеміз, жазамыз, «естімесе сөз жетім»... Ел тізгінін ұстаған шенділер ел Президентін ұятқа қалдыруда. Ескі жүйе салып кеткен сүрлеуде «әттеген-айлар» көп. Журналистердің жазған жанайқайларын биліктегілер оқымайды. Тілшілер "Халық пен биліктің арасындағы алтын көпір" емес пе?! Төртінші билік өкілдерін тыңдамағандықтан да билік пен халықтың арасы алшақтады.
Бұл оқиғаны жаным ауырып, жүрегім сыздап отырып жаздым, бала өлімі қиын, бұл халықтың қайғысы. Жарық дүниеде ананың қасіретінен артық қасірет жоқ. Оны қаламмен тербеу мүмкін емес.
«Отбасы – Отан тірегі», «Отбасы – шағын мемлекет» дегендей, мына алмағайып заманда қыз тәрбиесіне зор көңіл аударуымыз керек. Ел Президентінің биылғы Жолдауында көңілге қонымды көп жайттарды айтты. Әйелдер жайында айтқан толғамына толық қосыламын. «Әйел азса, ұрпақ азады». Ұлт тәрбиесі – анада. Тәрбие отбасынан басталу керек. Идеология отбасынан басталу керек. Ойланатын кез жетті. Біз әлемде ажырасу жағынан алдыңғы бестіктеміз. 125 млн халқы бар Жапония ұлттық құндылығына берік. Неге? Себебін талай жаздым, балабақшадан бастап, бастауышта да ұлттық құндылық негізінде тек ана тілінде оқытылуы. Тіл, тарих, салт-дәстүрді ұрпақ бойына сіңіруді балабақшадан бастайды, сөйтіп кішкене күніне еңбекке тәрбиелейді. Соның арқасында оларда ажырасу 1% ғана, одан аспайды. Мемлекеттік қызметтегі ажырасқан әйел болсын, еркек болсын, қайтып мемлекеттік қызметке алынбайды. Тағы да ұлттық құндылығын сақтап қалатын заңдар баршылық. Тәртіп қатаң орындалады. Біздің Алаш арыстарымыз тегін армандап кеткен жоқ. Біз неге Күншығыс еліне еліктемейміз? Осы құндылығымен ол әлемдегі дамыған елдер қатарында ғой, айналайындар-ау!.. Бізде неге олай емес? Кәрі қыздар көп, әйелдер қызметте өсу үшін ажырасады. Орыстың географ ғалымы Семенов-Тянь-Шанский қазақтар туралы «Бұларды оқытудың қажеті жоқ. Салт-дәстүрлері түгел тұнып тұрған білім!» деген жоқ па? Тұнып тұрған сол білімімізден не қалды, айналайындар-ау, айтыңдаршы, қандай күйдеміз қазір?..
Аттың жалында, түйенің қомында жазған бұл мақаламда жан дүниемді қопарған, өзім көріп, ой елегінен өткізген қасіретті, атан түйе тарта алмас, қара тастан да ауыр ата-ана қайғысын терең жазуға, сөзімді жеткізуге жүрегім сыздап, қолым қалтырап, ойым шашырады...
Жоғарыда айтқандай, мұндай сұмдық оқиғалардың тізбектеліп көбейіп кеткенінің себеп-салдары көп. Біразын сараптадым. Талай мәрте сараптап жаздық. "Естімесе сөз жетім", жазғанымызды оқымаса халықтың жайын билік қайдан біледі?
«Отан отбасынан басталады». Әр отбасы өзімізге мықты болуымыз керек. Бұл қайғылы оқиғалардың көбеюіне бәріміз кінәліміз. БҰЛ ЕЛДІҢ,ҚАЗАҚТЫҢ ҚАСІРЕТІ,АЙНАЛАЙЫНДАР!
Бар кінәні қоғамға, мемлекетке немесе мектепке, мұғалімге итере салуға болмайды. Бұл жерде ата-ананың кінәсі таудай.
Бізде жетіспейтіні – БІРЛІК..!.
Бала әлемін дұрыс түсінбейміз. Алдағы уақытта осы байланысты нығайтуымыз керек. Сонда ғана бір нәтиже шыға ма деген үміттемін.
Оқиғаны түгел жазуға болар еді, қаламым жүрмеді, мұның бәрін көзбен көріп, жүрегі жылағандарды көру ең ауыр. Ойым шашырап, қаламым жүрмеді. Бұл іс газетіміздің назарында болады. Мұндай мәселелерді үнемі көтеріп жүрміз. Мұны әлі сараптап, тереңдеп жазамыз. Халқым, сіздер де үн қатыңыздар! Бірлесіп, ата-ана, мектеп, бәріміз ынтымақтаса отырып бұл шындықтың да түбіне жетейік. Себебі бұл ушыққан мәселені ел болып қолға алғанда ғана жеңе аламыз.