Ballet Globe заманауи би халықаралық фестивалі міне бірнеше маусым бойы талғампаз қазақстандық көрерменді өзінің мазмұнымен және бірегейлігімен таң қалдырып келеді. Театр маусымының соңында Almaty Theatre сахнасында Алматының өнерсүйержұртшылығының назарына контемпорари стилінің әлемдік бишілері перформанс-қойылымдарынұсынды. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең дарынды хореографтар мен бишілер өздерінің сұлулыққа, сымбаттылыққа, мәнерлілік пен қарам-қайшылыққа толы биін паш етіп, көрерменмен қимыл-қозғалыс пен музыка тілінде сөйлесті.
“Қазақстанда жыл сайын өтетін Ballet Globeзаманауи би халықаралық фестивалі мәдени өмірдегі аса маңызды оқиғалардың бірі екенін әлдеқашан дәлелдеді. Ballet Globe фестивалі заманауи және эксперименталдық би жобаларының тұсауы кесілетін алаң ғана емес, сонымен қатар бұл жаңартпа мен шығармашылық тоғысып, үйлесім табатын орын. Әлемдік балет өнері әрқашандаәртүрлі мәдениеттер мен дәуірлерді байланыстыратын көпір қызметін атқарды.Қазақстанда заманауи биді дамыту және елдер арасындағы мәдени алмасу – Ballet Globe халықаралық би фестивалінің басты мақсаттарының бірі осы”, - деп атап өттіфестивальді ұйымдастырушы және негізін қалаушы Ерлан Андағұлов.
Әртістер сахнаға шығып назарға ұсынған әрбір қойылым – қысқа минуттар ішінде өте шыққан, бірақ терең мағыналы және адам өмір сүріп жатқан әлемдеоның айналасында болып жатқан оқиғалардан хабарберетін кішкене өмір. Клаудио Канджиалоси, Морган Луго, Мисако Като және Нельсон Эрл заманауи қоғамның бейнесін көрсететін және жаңалықтар мен оқиғалар легі толастамайтын ақпарат саласында, әлеуметтік желілерде болып жатқан нәрсені және оның әсері туралы айтатын “Сирена” туындысының премьерасын назарға ұсынды. Кейде адам бір кездері өзі сене бастаған нанымдар ағынына батып бара жатқандай көрінеді. Алайда адам әрқашан бұл нанымды өзі қабылдай ма, әлде ол оған жоғарыдан таңылған дүние ме?
Микаэла Келли мен Джесси Каллаерт Марко Геоке хореографиясындағы “Әзәзілмен серуен”балетінен үзіндіні көрсетті. “Әзәзілмен серуен” - бұл біздің ішімізде отырған дауыстар туралы толғау. Биде, сол сияқты өмірде әр қимыл жасаған сайындауыс, кейде бірден бірнеше дауыс естіледі. Бұл кімнің дауыстары? Осы орайда біздің бүкіл өміріміз бен махаббатымыз: “Сәлем, рақмет, сау бол” деген үш-ақ сөз тіркесіне оңай сыйып кетеді. Бишілердің әлемдік премьерасы “Кеме апатына ұшыраған, бірақ үйге қайтып оралған балалық шақ” шығармасы болды. Бұл өмір теңізінің иірімінде өз-өзіңді жоғалту туралы хикая. Кейде алапат дауылдан кейінесеңгіреген сияқты, біз басқа адамның жоқтығынан күйзеліп, теңіздің түбіне батқандай күй кешеміз. Осындай оқиғадан кейін өз-өзіңізді сақтап қалу үшін кемеден қаттырақ ұстауыңыз керек.
Жақында Мадоннамен әлемдік турнеден оралған америкалық биші Донни Дункан өзінің өнерін құрметтеушілердің үмітін ақтады. Оның “Төртеуден сапқа тұру” және “Біз жерге қондық” нөмірлері жай ғана би емес – бұл нағыз философия. Биші әртүрлідеңгейдегі шектеу мен кедергі атаулыны асқан шеберлікпен жеңеді. Оның әрбір қимыл-қозғалысы физикалық, сондай-ақ метафоралық шекара мен шектеулерді зерттейді.
Хореограф және педагог Ирина Титова Валерия Колесниковамен дуэтте орындаған биде “Ол (қыз)” және “Біз болмаған жерде” деп аталатын екі хикаяны қозғаса, Мария Губанова мен Гүлсая Тәуірхановаөнер көрсеткен “Jolda” қазақ би театры өзін-өзі іздеужәне ішкі ерік туралы туындыны назарға ұсынды. Би билеген кейіпкер қыздар: “Адам жүйеден қалай шығаалады? Өз-өзіңе қайтып, өз жолыңды қалай табуғаболады?” – деген сұрақ қояды және оның жауабықарапайым: интуиция, ерік, әрекет. “Jolda” театрының қойылымына Санжар Құмарғалиевтартқан сыбызғының сырлы үні оған әлдебір тылсым рухани сипат берді.
Ballet Globe заманауи халықаралық фестивалінің ақтық көрінісі барлық әртістер мен қазақстандық ән авторы және композитор Nomad Punk-тың бірлескен жұмысы болды – ол өзінің жаңа “Balqadisha” әнін орындап жатқанда сахнаға шыққан фестивальдіңбарлық қатысушылары бір-бірін құшақтап дөңгелене шеңбер құрды.
Ballet Globe заманауи би халықаралықфестивалі Алматы қаласы әкімдігініңқолдауымен өтті.