БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА ТҰҚЫМБАҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

 БАҚ ӨКІЛДЕРІ ЖАҢА ТҰҚЫМБАҚТЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
 
Түркістан облысында тұқымбақтардың көлемін ұлғайту, климаттық жағдайды жақсарту бағытында жұмыстар атқарылып жатыр. Осы орайда Ордабасы ауданындағы Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінде заманауи тұқымбақ ашылды. Түркістан облысы мен Шымкент қаласының журналистері және өңірдің баспасөз хатшылары тұқымбақ шаруашылығымен және өндіріліп жатқан көшет түрлерімен танысып қайтты.
Өңір басшысы Дархан Сатыбалдының бастамасымен заманауи тұқымбақ құру мақсатында, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылығы мекемелерінің мамандары Ресей, Өзбекстан мемлекетіне және еліміздің басқа да облыстарына барып, тәжірибе алмасқан болатын. Бүгінде көшет түрлерінің санын арттыру бағытында екіжақты келісімшарт түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Ордабасы ауданында орналасқан замануи үлгідегі тұқымбақ 5 гектар аумақты алып жатыр. Онда өсіріліп жатқан ағаштардың басым бөлігін терек, сириялық гибискус, раушан, жиде, емен, каштан, шаған, үйеңкі, тұт, бозарша, легустра, айлант, катальпа, қарағаш, туя және өзге де ағаштар құрайды.
Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жер көлемі – 33559 гектар. Оның орман мен көмкерілгені – 13515 га. Орман қоры жері Бәйдібек, Ордабасы, Төлеби, Сайрам аудандары мен Шымкент қаласында орналасқан.
Қазіргі таңда көшеттердің сұранысы көбейгеніне байланысты тұқымбақ 3 жерде уақытша ұйымдастырылып отыр. Оның жалпы көлемі – 10,5 га. Орман тұқымбағында жалпы 25-ке жуық түрлі ағаш-бұта көшеттері өсірілуде. Көшеттерді егу және себу жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылып келеді. Өткен жылы тұқымбақтан 70 мың түп көшет Сайрам, Ордабасы аудандарына босатылды. Биыл 100 мың түп көшет босату жоспарлануда. 2024 жылы мекемеде орман ағаштарының әртүрлі тұқымдарын жинау 2400 кг жоспарланған. Бүгінгі таңда 100 кг қарағаш тұқымы жиналды.
Түркістан облысында жыл сайын жасыл белдеуі мен орман қоры аумақтары ұлғайып келеді. Алдағы уақытта да облыстағы тұқымбақтардың аумағын кеңейту жоспарлануда.
Жалпы облыс көлемінде орман тұқымбақтарының көлемі 253 гектар. Оның 14-і типтік заманауи питомниктерде (оның ішінде 10 жылыжай) және мәдени орман алқабына егілетін көшеттер дайындауға аумағы 350 га құрайтын 10 уақытша питомникте 35 миллионнан астам ағаш көшеттері өсірілуде. Көшеттер санын 50-60 миллионға жеткізу жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орман қорында 2 млрд және елдімекендерде 15 млн ағаш егу туралы тапсырманы 2020 жылғы Жолдауында берген болатын. Осыған орай облыстың орман қоры жерлеріне 2021-2025 жылдары 110 мың гектарға 170,0 млн көшеттерін егу бойынша Экология министрлігімен Кешенді жоспары, елді мекендерге 1,5 млн. көшеттерді егу бойынша аймақтық жоспар келісіліп, бекітілген. Кешенді жоспарға сәйкес, 2021-2023 жылдарда 51,6 мың гектар жерге, 78,0 млн. түп көшет егіліп, жоспар орындалды. 2024 жылы 27 500 га жерге – 43 149 түп, 2025 жылға 31 610 га жерге – 52 079 мың түп ағаш отырғызу жоспары орман қоры жерлерінде (Шардара, Отырар, Созақ, Жасыл аймақ) атқарылады.
Бұдан бөлек өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, облыстың елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, облыстағы 852 елді мекеннің 90%- ын көгалдандыру үшін 4 миллионнан астам көшет отырғызу жоспарланып, жұмыстар атқарылуда. Биыл көктем айында 522 935 көшет егу жоспарланған. Бүгінгі таңда 483 935 түп көшет отырғызылды. Күзгі науқанға 515 935 түп көшет егу көзделуде.
2024 жылдың көктем айларында аудан, қала әкімдіктеріне аумақтардың көркін кіргізу мақсатында 50 мың түп әртүрлі гүлді ағаш көшеттері егілді. 2024 жылы күзде 2025 жыл көктемде 200 мың түп роза гүлінің және сириялық роза көшеттері тегін үлестіріледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
13.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 31
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 45
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 96
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 289
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 911

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588