БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР ЖАҢҒЫРҒАН ALTYNSARIN INSTITUTE

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР ЖАҢҒЫРҒАН ALTYNSARIN INSTITUTE

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында ұлттық сананы оятуға және ұлттық ерекшеліктерді жаңғыртуға бағытталған жаңа жоба басталды. Енді жаңа дәстүр бойынша әр аптаның сәрсенбісінде институт ұжымы мен студенттері қазақи нақыштағы киім үлгісімен жүретін болады. Негізгі мақсаты – тарихи мұраны және ұлттық дәстүрлер рухында ұрпақтар сабақтастығын сақтау.

Мұндай идеяны декан Қалиев Айбек Киікбайұлы жетекшілік ететін «Педагогика және филология» факультетінің ұжымы және студенттері ұсынды. Деканның айтуынша, олардың басты міндеті – қазақ халқының ежелгі мәдениеті мен бай мұрасын жаңғырту. «Ұлттық киімдер – бұл халқымыздың дәстүрлері мен тарихи ерекшеліктерінің көрінісі. «Сәтті сәрсенбі» жобасы арқылы біз өз мәдениетіміз бен менталитетімізді құрметтеудің қаншалықты маңызды екенін үлгі етіп көрсеткіміз келеді» – деп, атап өтті Айбек Қалиев.

Жобаны іске асыру студент жастар арасында дәстүрлі ұлттық мәдениет туралы білімді кеңейтуге ықпал ететін болады. Айта кетейік, бұл үрдіс қазақша киініп қоюмен ғана шектелмей, дәрістер арасындағы үзілісте «Ұлттық дәстүр» бойынша оқыту мен танымдық мастер-класстары бар қарқынды танымдық бағдарламамен жалғасады. Студенттердің назарына дұрыс сәлемдесуден бастап дала фольклорының элементтері, оның ішінде шешендік өнер мен дәстүр ерекшеліктері туралы тың ақпараттар легі ұсынылатын болады. Ең әсерлі тұсы, Altynsarin Institute-да оқитын өзге ұлт студенттері де бұл дәстүрден тысқары қалмақ емес. Олар да өз кезегінде қазақша камзол киіп, белсенділік танытуда.

Айта кетейік, қазақ ұлттық киімін кию туралы пікірді ел Президенті Қ.Тоқаев та білдірген еді: «Ұлттық киімнің өзі – ұлт мәдениетінің жарқын көрінісі. Сондықтан ұл-қыздарымыз ұлттық киімді Наурыз мейрамында я болмаса басқа мерекелерде ғана емес, жиі киіп жүрсе керемет болар еді. Тек мерекеде емес, ұдайы киіп жүрсе де, жарасымды болатыны сөзсіз».

Altynsarin Institute мереке күндері ғана емес, жұмыс күндері де ұлттық костюммен жүруге шақырады. ЖОО басшылығының айтуынша, рухани даму, мәдени мұраны және өзінің ұлттық кодын сақтау мәселелері Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты жұмысының басым бөлігі болып қала береді. Туған өлкенің бірегей тарихи танылуын қалыптастыру, ұлттық мәдениетті насихаттауды өз жұмысының негізі ретінде институт ұжымы жаңа буын ұстаздарын дайындауға күш салуда.

Altynsarin institute Маркетинг және коммуникация бөлімі
29.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 91
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 94
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 59
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 203
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 207
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 421
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 384
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 1003

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9078
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8476
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11704
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9467
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10684