Құттықтаймыз!
Бұл тазару ма, әлде үш рет әкім, бір мәрте министр Н.Ноғаев орнынан кетті. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына төрағасы М.Мырзағалиев те кетуге мәжбүр болды. Каспий жағалауындағы бұл «дүрбелеңнің» салқыны заң орындарының лауазымды тұлғаларын да шарпыды. Сонымен Маңғыстауды 3 жыл басқарған Ноғаевтың орнына жайғасқан, бұрын «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның бас директоры Нұрдәулет Қилыбай кім?
Халқыңның көсегесін көгертуіңе тілектеспіз!
Иә, Қилыбай Нұрдәулет осы өңірдің тумасы. Бейнеуде дүниеге келген. Қилыбайдың әкесі өмір бойы теміржолшы болған. Қилыбай да еңбек жолын әке мұрасын жалғастырып, теміржолшы болып бастады. Ол бұл салада біраз жыл табан аудармай жұмыс істеді. Мемлекеттік қызметтегі мансабында осы салаға қатысы бар Көлік министрлігінен бастады. Базбіреулер «мұнай саласындағы адам облысты қалай басқарады?» деп күмән келтіріп жатыр. Жо-жоқ, Қилыбай мырза көптен бері мемлекеттік қызметтердің біразында болып, тәжірибе жинақтаған. Бұған дейін мұнайды өлке әкімінің орынбасары және Ақтау қаласының әкімі болған. Оның «ӨзенМұнайГазды» басқарғаны да оған көп септігін тигізгені анық. Себебі Маңғыстау мұнайлы өлке. Қалай болғанда да Қилыбай Нұрдәулет Президентіміздің зор сенімімен лауазымды орынға келді. Құтты болсын! Ұзағынан сүйіндірсін! Енді халқыңның зор сеніміне ие болып, абыройлы бол!
«Qazaqstan dauiri» газеті мен
«Мөлдір бұлақ» журналы ұжымы