Бетпердені қайта киеміз бе?

Бетпердені қайта киеміз бе?

Алла Тағала  «Сақтансаң ғана сақтаймын» деген. Осы орайда сақтық шаралары басталған секілді. Себебі қазірдің өзінде Астана қаласында COVID-19 жұқтырып сырқаттанып жатқандар саны артуда.

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова жаңа қаулыға қол қойды. «Ауа-тамшы жолы арқылы берілетін инфекциялық аурулардың таралуының алдын алу жөніндегі профилактикалық шараларды күшейту туралы» деп аталатын бұл құжатқа сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарында бетперде кию режимі енгізіледі.

Қаулы бойынша Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардағы, Алматы, Астана, Шымкент қалаларындағы денсаулық сақтау басқармаларының, аумақтық департаменттерінің басшыларына міндеттер жүктелді. Олар медициналық ұйымдарда персоналдың және келушілердің медициналық маскаларды пайдалануын, антисептиктердің болуын, халық арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының, тұмаудың және ЖРВИ профилактика шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтамасыз етуі керек.

Ал облыстардың, Алматы, Астана, Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдарына, Орталық мемлекеттік органдарға, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға бетперде тағу ұсынылады. Нақтырақ айтқанда, олар халық көп жиналатын жерлерінде (әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, базарлар, сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, театрлар, кинотеатрлар, ХҚКО-ы, банктер және т.б.), көліктің барлық түрлерінде (қоғамдық көлік, әуе, темір жол көлігі) медициналық немесе матадан тігілген маскаларды пайдаланғаны жөн. Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Деректерге сүйенсек, 2024 жылдың қаңтар айында өткен жылғы желтоқсанмен салыстырғанда коронавирусқа байланысты жағдай 2,5 есе өскені байқалған. Жаңадан жұқтырғандардың ең көп саны Алматы қаласына (143 жағдай) және Астана қаласына (74 жағдай) тиесілі. Ал биыл 26 қаңтар мен 1 ақпан аралығында ауру жұқтырғандар 26-ға өскен. Бұл аралықта да жаңадан тіркелгендердің ең көп саны Алматы қаласына (37 жағдай) және Астана қаласына (21 жағдай) тиесілі.

Сонымен коронавирусқа байланысты шектеу шараларын енгізу жоспарланбайды. Тек соңғы айдың ішінде аурудың өсуі байқалғанын, сондай-ақ ЖРВИ-мен және тұмаумен сырқаттанушылық эпидемиясы маусымының жалғасып жатқанын ескере отырып, адамдар көп жиналатын орындарда, қоғамдық көлікте, медициналық ұйымдарға барған кезде, науқаспен байланыста болғанда маска кию ұсынылып отыр.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
17.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТӨЛЕБИЛІК ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАСӨСПІРІМ ҚЫЗДЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.01.2025 51
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ӘЛЕМНІҢ ҮЗДІК УНИВЕРСИТЕТТЕРІНЕ ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.01.2025 34
ТҮЛКІБАСТАҒЫ ТУРИСТІК НЫСАН ҒИМАРАТЫ КЕҢЕЙТІЛІП, ӘЛЕУЕТІ КӨТЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.01.2025 45
ІСІНЕ АДАЛ ЖАНДАР...
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі - 14.01.2025 147
«БІР ҚАЙНАУЫ ІШІНДЕ ЖАТҚАН»  ПАРЛАМЕНТ
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 11.01.2025 364
АТЫ КОЛЛЕДЖ БОЛҒАНЫМЕН, ЗАТЫ ИНСТИТУТ
Жандос ОМАРОВ, Жамбыл облысы, Қордай ауданы - 09.01.2025 501
БАР  ЖАМАНДЫҚ ЕСКІ  ЖЫЛМЕН КЕТСІН!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 09.01.2025 362
ЖАСЫН ҒҰМЫР (Абайдың өнегелі інісі Халиолла Құнанбайұлы туралы)
Әсет МЕДЕУХАНҰЛЫ, журналист, өлкетанушы, Абайтанушы, Абай облысы Абай ауданы, Қарауыл ауылы - 09.01.2025 348
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 1693
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 2222

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 12953
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 11828
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 15070
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14007
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 19030