БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 15 МЫҢНАН АСТАМ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСПЕН БІЛІМ АЛАДЫ

БИЫЛ ТҮРКІСТАНДА 15 МЫҢНАН АСТАМ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ТАПСЫРЫСПЕН БІЛІМ АЛАДЫ
Түркістан облысында жаңа оқу жылына 15500 орынға мемлекеттік тапсырыс берілді. Мемлекеттік тапсырыстың басым бағыттары техникалық, құрылыс және ауылшаруашылық салалары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім салаларына бағытталған.
Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өткен комиссия отырысында талқыланды. Күн тәртібінде білім беруді басқару органдарының ресми интернет-ресурстарында жарияланған конкурс нәтижелері бойынша оқу орындарының тізбесін анықтау мәселелер қаралды.
Бүгінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлау сапасын арттыру, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, жұмыс берушілердің талабына жауап бере алатын, заманауи құрал-жабдықтарды меңгерген, кәсіби шеберлігі шыңдалған мамандар даярлау басты назарда.
Облыс әкімдігінің өкімімен Техникалық және кәсіптік, орта білімен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі комиссияның құрамы бекітілген. 22 мамыр күні конкурсқа құжаттар қабылдау жөнінде хабарлама облыстық білім басқармасының сайтында жарияланды. Комиссия шешімімен 2024-2025 оқу жылына 71 мамандық бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді.
Конкурсқа өтініштерді қабылдау «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы басқарманың электронды құжат айналымына 46 колледжден 83 мамандық 125 біліктілік бойынша 17 385 орынға мемлекеттік тапсырысты орналастыру бойынша өтініштер келіп түсті. Оның 28-і мемлекеттік, 18-і жеке меншік.
Облыс әкімінің техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде заман талабына сәйкес, сұранысқа ие жаңадан 10 мамандық ашылмақ. Олардың қатарында ақпараттық қауіпсіздік жүйелері, жылжымайтын мүлікті басқару, қала қатынас жолдарын салу, лифт пен эскалаторларды, газбен қамтамасыз ететін жабдықтарды жасау, ландшафтық дизайн мен ет, сүт өндіру сынды мамандықтар бар. Бұдан бөлек, тоңазытқыш-компрессорлық машиналар мен қондырғыларды пайдалану, монтаждау, темір жолдың электротехникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету мен жиһаз өндірісін үйрететін мамандықтар жаңадан қосылады деп жоспарлануда.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысында ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін жағдай жасалуда. Өткен жылы алғаш рет инклюзивті білім беру іске қосылған еді. Бұл бастама өз нәтижесін беріп, биыл да инклюзиялық білім бағыты бойынша 8 орынға берілді. Төлеби ауданында орналасқан №8 колледждің базасында «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығы бойынша «Құрылыс-әрлеу жұмыстарының шебері» біліктілігімен арнайы инклюзивті топ ашылған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
18.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1603
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 1142
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2539
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 2139
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 3335