Біз сіздермен біргеміз, түрік бауырлар!

Біз сіздермен біргеміз, түрік бауырлар!

 Түркияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды. Түрік сейсмологтарының мәліметінше, жер сілкінісінен кейінгі дүмпулер 6 ақпан күні Түркияның көптеген аймағында, соның ішінде Анкарада да сезілген. Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік департаменттің мәліметінше, жер сілкінісі Кахраманмараш провинциясының Пазарджик аймағында жергілікті уақыт бойынша сағат 04:17-де (Мәскеу уақытымен сәйкес келеді) 7 шақырым тереңдікте болған.

Газиантеп тұрғыны Жадыра Асанқызы жер сілкінісі қалай болғанын айтып берді: «Ұйықтап жатып шошып ояндық. Баланы алып шықтық. Қорқынышты дауыстар естілді. Аяғымызға ештеңе киместен шығып кеттік. Үй өте қатты тербеліп тұрды, үстімізге құлайтын сияқты. Жалаң аяқ жүгіріп, алысқа кеттік. Барлық адам естері шығып, не істерін білмей, туысқандарына хабарласып, түгендеп жатыр. Мен де Қазақстандағы барлық ағайынды хабардар еттім. Қазір осындамыз, жатақхана береді. Үйге бармаймын. Қорқынышты. Ешкім үйіне барғысы келмейді», – дейді ол.

Өңірдегі AFAD және басқа да мекемелерден көмек көрсететін персонал саны 24 мыңнан асты. Ескендір портынан 10 кеме жаралыларды ауруханаларға жөнелтуде.

Қазақстанның өкілетті органдары түрік тарапымен бірлесіп, зілзаланың зардабын жою үшін қосымша көмек көрсету мәселесін қарастырып жатыр. Бұған дейін түрік еліне көңіл айту жеделхатын жолдаған Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жойқын жер сілкінісі салдарынан зардап шеккен Түркия Республикасына шұғыл көмек ретінде 1 миллион доллар бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, еліміздің құтқарушылары Түркияның Газиантеп қаласына жөнелтілді. Түркияда жер сілкінісі құрбандарының саны 11000-нан асты. Соңғы мәліметтер бойынша, 40 мыңнан астам адам зардап шекті. Көршілес Сирияда үкімет бақылауындағы аумақта кем дегенде 812 адам қаза тауып, тағы 1400-ге жуық адам жарақат алды. Солтүстік-батыстағы аудандарда 1000-нан астам адам қаза тапты, тағы 2300-ден астамы зардап шекті. Euronews ақпарат агенттігінің мәліметінше, Түркияның оңтүстігінде және Сирияның солтүстігінде құтқару жұмысы жалғасуда, бірақ ауа температурасының төмендеуі мен бүлінген жолдар қиындықтар туғызып жатыр. Бетон плиталарын көтеру үшін техниканы жеткізу қиын. Түрік еліне көмекке әлемнің түкпір-түкпірінен құтқарушылар келеді. Тірі қалғандарды, соның ішінде кішкентай балаларды қоқыс астынан шығару ісі жалғасып жатқанына қарамастан, баяу қозғалысына халық ашулы. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған зардап шеккен 10 провинцияда үш айлық төтенше жағдай жариялады, бұл  жер сілкінісін жоюды басқаруды жеңілдетуі керек. Президенттің айтуынша, жер сілкінісі Түркияның 85 миллион халқының 13 миллионына әсер етті. «Мен (халыққа) жер сілкінісі аймағының және сол жаққа апаратын жолдарды ешкім пайдаланбауы керек екенін еске салғым келеді, тек өте қажет болмаса және төтенше жағдайларды қоспағанда телефон қоңыраулары жасалмауы керек», – деді президент. Түркияға көмек біртіндеп келіп жатқанымен, көршілес Сирияда, әсіресе солтүстік-батыстағы осал аудандарда логистика тұрғысынан көмек қолын созу әлдеқайда қиын. Себебі оған 11 жылдық азаматтық соғыс пен Асад үкіметіне қарсы халықаралық санкциялар әсер етеді. «Ақ дулыға» деп аталатын үкіметтік емес ұйым көмек сұрағандарға жауап беру үшін өзінің бірнеше экскаваторын бір қаладан екінші қалаға ауыстыруда. 

Республика Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жарлығына сәйкес, Түркияда жеті күндік Жалпыұлттық аза тұту жариялап, елдегі барлық жалау 12 ақпанда күн батқанға дейін түсіріледі.

Жандаулет Дигарбеков
10.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 228
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 226
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 728
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 851
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 764

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8920
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8314
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11541
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9298
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10526