БІЗГЕ КІМ ҮЛГІ? ОРЫС ПА, ТҮРІК ПЕ?

БІЗГЕ КІМ ҮЛГІ? ОРЫС ПА, ТҮРІК ПЕ?

Әлеуметтік желідегі жазбаларға қарап отырып қазақтардың Түркияға деген ынтазарлығын, ілтипатын сезіндім. Президентіміз Тоқаевтың Түркиядағы іс сапары өте олжалы болғалы тұр. Түркия басшысы Ердоғанның Ата жұртына деген махаббаты да ғаламат. Елбасына күн туса  Қазақияны қорғауға да,  қолдауға да дайын екенін ашық айтты.  Дипломатияға салып бипаздап тұрмады.  Қалай риза болмайсың.  Тек осыны "Біздің ұлдар" жан жүректерімен сезіне алса шіркін...

 

Анадолы жұртының президетімізге көрсеткен ілтипатын көріп,  көзім жасаурап, көңіл түкпіріндегі көмбе ойлар ( Алаш арыстары Мағжан мен Мұстафаның Түркі әлемінің тұтастығын,  бірігуін аңсап өткені) есіме түсіп, қазақтығыма салып " Тфә-тфә тіл мен көзден аман болайық. Қанына тартпағанның қары сынсын" деп ішімнен тәубе деп қойдым.  

 

Мен өзім он жылдай түрік азаматтарымен қоян-қолтық жұмыс істеген жанмын. . "Қазақстан заман" (Бүгінгі "Қазақстан дәуірі)   газетінде. Бүкіл түрік халқы туралы әңгіме  айтудан аулақпын. әрине. Бес саусақ бірдей емес қой.  Тек өзім жақсы қарым-қатынаста болған, сапарлас болған  Ахмет Алияз,  Серхан Хастүрік, Доған Илдиз секілді (бейлер туралы) мақтанышпен айта аламын.  Олардың азаматтық болмыстары, имандылығы,  қазақ жұртына деген пейілдері ғажап еді... 

 

 Ахмет бей бір жолы "Нәке, Қазақстанға келгеніме отыз жылға жуықтады. Бірақ мен орысша білмеймін.  Үйренгім келеді,  бірақ тартпайды. Құлқым жоқ.

 Баяғыда Қазақстанға алғаш ұшып келгенде әуежайда хабарландыру  орысша айтылып жатқанда, бір топ түрік жасы шошып қалғанбыз.  Қайда келдік деп.  Сол кезде алдымызда таңдау тұрды:  Жоғары оқу орнында қазақша болмаса орысша оқу керек деген.  Жасырмаймын бірге келген кейбір түрік жастары ойланбастан орысша үйренуге кірісті.  Күн ертең қиындық көрмеу үшін.... Ал мен бірден дайындық курсында қазақшаға зейін қойдым.  Ішкі түйсігпен  қазақ тілінің өлтірмейтініне шүбәсіз сендім.  Құдайға шүкір,  түйсігім алдамады. Қазақтар мені сыйлады,  менде оларды құрметтеп келемін. Қазақ деген ғаламат халық қой" дейтін еді.  Сөйткен жігіт бүгінде Америкада жүр.. 

 

Серхан бей КТЛ -дің мұғалім еді.  Сондай биязы,  мәдениетті,  дауыс көтеруді білмйтін марғасқа болатын.  Сол айтатын " Қазақтар кей мәселеде,  салт-дәстүрді ұстануда,  ұлттық болмысты сақтауда, өткірлік жағынан түріктерден асқақ. Түркия  жастары Еуропаланып барады. Кейбір қазақтардың орыстанып бара жатқаны тәрізді" деп өз ұлтын сынап қоятын.  Сол Серхан Германияда бүгінде.  Қазақстанды сағынатынын жазып қояды кейде.  

 

Дәу құрдасым Доған бей ғана қазір Астанада. Оны барлық журналист жақсы таниды. Керемет жігіт.   Оған түрік бауырлар "Найманнан қыз алған мұның жүрегінің түгі бар" деп  қағытып қояды. 

 

Бұдан өзге Абдырахман бей,  Орхан бей,  т.б бейлер туралы айтсам әңгіме созылып кетеді.  Бәрі де сайдың тасындай, жарқылдаған жасындай  қазақтың тілін мақал-мәтелдеп өретін,   руыңды, шежіреңді  шемішкедей  шағып беретін,  тарихыңды Оғыз мемлекетінен таратып,  кәдеңе жаратып жіберетін жігіттер еді.  

Қазақ жұртына пайдаларын тигізді.  Ілім-білім таратты... Жақсы істерімен,  үлкен парасат-пайымдарымен ел есінде қалғаны рас... 

 

 Ал орыстың бәріне бірдей топырақ шашпайын, олардан біз не үйрендік?  Арақ пен шарап,  темекі мен боғауыз сөз, даңғаза мінез бен мақтаншақтық, т.б толып жатыр ғой...  

 

 Екеуіі де империя.  Тарихтарына көз жүгертсек,  Түріктерді (қателеспесем) Осман империясы  600 жылдай басқарды.  Артында көл-көсір мұра қалдырды.  Жоқтан бар жасап, Еуропандан иен байтақ жерді "азат" етіп алды.  Константиноплді қиратпай,  көне мұраларды әлі күнге көздің қарашығындай сақтап отыр. Басып алған елдерінің тілі мен дініне еркіндік берді... Даму үстінде...

 

 Ал Ресейді Романовтар әулеті 300 жыл биледі.  Артында не қалды? Түкте! Тіпті патшаны тақтан құлатқан большевиктер патшасын отбасымен өлтіріп,  барлық мұраларын жоқ етті.  Жаулап алған елдерін тонап,  қанап ойларына келгенін әлі істеп келеді... Даму қайда,  экономикасы кері кетіп,  титықтап жатыр...

 

Осыдан-ақ біз қай елді дос етуіміз керек, кімге жақын жүруіміз керек екенін өзің топшыла,  жұртым!

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК ФБ парақшасынан
13.05.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 34
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 925

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8998
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8393
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11618
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9376
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10602