Бодибилдинг: Анастасия – абсолютті чемпион!

Бодибилдинг:   Анастасия –   абсолютті   чемпион!

Қазақстандық Анастасия  Щекотилова Латвияда фитнес және бодибилдингтен өткен чемпионатта әлемнің абсолютті чемпионы атанды. Латвия астанасы Ригада өткен IFBB World Fit Model Championships спорттық шара Халықаралық бодибилдинг және фитнес федерациясы демеушілігімен өтті. Алматылық Анастасия Щекотилова «Фитнес-модель» номинациясында әлемнің абсолютті чемпионы атанды. Анастасия: «Бұл әсерді сөзбен айтып жеткізе алмаймын, бәрі ойдағыдай болғанына қанағаттанамын. Жеңетініме сенімді болғаныма қарамастан, қолымнан келгеннің бәрін жасадым, жұмсаған барлық күш-жігерім бағаланды. Бұл жолғы жеңіс те ерекше, өйткені жаттықтырушым бірге болды. Бұл әрине, жеңіске жетуіме үлкен рөл атқарды», – дейді. Бойжеткен мамандығы бойынша экономист, бірақ 2019 жылдан бері фитнес-модель болуды ұйғарған. Ол бодибилдингтен Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Бапкері – Ұлпан Нұрбекова. Анастасия 2021 жылғы Қазақстан кубогының абсолютті чемпионы атағын,  Еуропа чемпионы, сонымен қатар Arnold Classic 2021 турнирінің екі дүркін және абсолютті чемпионы атақтарын жеңіп алған. Бұның алдында 2021 жылдың қыркүйегінде Испанияда өткен Arnold Classic Europe турнирінде  чемпион атанған болатын.

Ермек САХАРИЕВ
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18252
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568