Бокс кеші: Екі қазақстандық жеңіске жетті

Бокс кеші:   Екі қазақстандық жеңіске жетті

Ақтауда өткен кәсіпқой бокс кешінде қос қазақстандық боксшы жеңіске жетті. Орта салмақтағы WBC (USNBC) чемпионы қазақстандық былғары қолғап шебері Мейірім Нұрсұлтанов (14-0, 8КО) беларусь боксшысы Дмитрий Атроховпен (16-11, 7КО) жекпе-жек өткізді. Орта салмақтағы айқас 8 раундтан тұрды және ол төрешілердің шешімімен қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Осылайша Мейірім Нұрсұлтанов спорттық мансабындағы 15-ші жеңісіне қол жеткізді және осы уақытқа дейін бірде-бір рет жеңіліп көрген жоқ. Ақтаудағы кеште Бекзад Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегін өткізді. Оның қарсыласы өзбек Фаррух Джураев (6-4-1, 2КО) болды. Жартылай ауыр салмақтағы кездесу 8 раундтан тұрды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Нұрдәулетовке берді. Бекзад Нұрдәулетов кәсіби бокста үшінші рет жеңіске жетті. Айта кетейік, ол 2019 жылы әуесқой бокстан Әлем чемпионатында алтын медаль алған болатын. Кәсіпқой боксқа өткен жылдың қазан айында ауысты. Ақтаудағы бокс кешінде өзге де бірқатар қазақстандық боксшылар алғаш рет кәсіби рингке шықты.

Ермек САХАРИЕВ
11.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 350
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 199
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 495
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 339

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18252
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18111
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33301
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31852
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35568