Белгілі саясаткер Болат Әбілев бұдан бірнеше жыл бұрын саясаттан кететін мәлімдеп, содан бері саяси аренадан көрінбей кеткен еді. Осыдан кейін бұрынғы кәсібіне – бизнесіне көшкен. Қаңтар трагедиясынан соң тура бір ай өткенде Б.Әбілев видео үндеу жасап: «Құрметті азаматтар! Кешегі Қаңтар ұлттық трагедиямызға қырық күн болды. Өмірден озған азаматтарды еске алу бейбіт митингісіне 13 ақпан күні сағат 12:00-де, Республика алаңына шақырамын, мен – Болат Әбілов», – деп, халықты бейбіт митингіге шақырды. Әлеуметтік желіде Б.Әбілевтің бұл шақыруын жұрт екұшты қабылдап жатыр. Мұны «Әбілевтің саясатқа оралуы» деп түсінгендер де, «биліктің өтінішін орындауы» деп қабылдағандар да бар. Қалай десек те, мұның тегіннен-тегін әрекет емес екені кәміл. Тек әліптің артын бағалық.