Бүгін Жамбыл ауданында 10 мың адамға дастархан жайылады

Бүгін Жамбыл ауданында 10 мың адамға дастархан жайылады

 

 

Жер-жерде жарықтың жеті реңіне, дыбыстың жеті.  ырғағына, жеті қат жерге, жеті қат көкке, жеті күнге балаған жеті дәмнен көже жасап, Жаратушыдан шын жақсылықты күтетін Ұлыстың ұлы күні - әз Наурыз мерекесі кеше аудан орталығында аталып өтілсе, бүгін жоспарға сәйкес, Жамбыл ауданының 17 ауылдық округінде Наурыз мерекесін тойлау басталды.

Солардың бірі - Полатқосшы ауылдық округіне қарасты Жалпақтөбе ауылы. Ауыл әкімі Ержан Данаевтың айтуынша, 700-ге жуық тұрғынға жаңа жыл мерекесіне арнайы шақырту қағаздары таратылып, ақ дастархан ауылдағы Мәдениет үйінің алаңына жайылды. Мәдениет ошағында әуезді әуендер қойылып, ұлттық ойындар назарға ұсынылмақ. 

Халықтың қастерлі мерекесіне аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы арнайы қатысып, жалпақтөбеліктерді ұлық мерекемен құттықтады.

Ұлттық нақыштағы құндылықтарды аралап, ауылдықтармен көрісіп, концерттік бағдарламаны тамашалады.

Жалпы кеше 2000-ға жуық өңір тұрғындарына дастархан жайылып, ұлттық құндылықтарымыз дәріптелсе, сол үрдіс барлық ауылдық округте ұйымдастырылмақ.

Аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетовтың мәліметіне сүйенсек, ауылдық округтерде өтетеін әз Наурыз мерекесіне орта есеппен 10000 тұрғын шақырылады.

Көктемдей көңіл сыйлау мақсатында бастау алатын шараның мән-мағынасы ерекше. Бір айта кетерлігі, мерекелік жиынға келушілердің қатары расымен көп.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
22.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 28.03.2023 140
РАМАЗАН
Нағашыбай Қабылбек - 24.03.2023 297
АҚПАРАТ ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК
Дархан МЫҢБАЙ, Ақпарат және қоғамдық даму саласындағы қоғамдық кеңестің төрағасының ФБ парақшасынан - 18.03.2023 510

Топ жаңалықтар

1
ҚАЗАҚТЫҢ САНЫ
Show more
Жәнібек Қожық ФБ парақшасынан - 2023-03-28 140
2
ТОҒЫШАРЛАР ТЕАТРҒА БАРЫП ТҰРЫҢДАР...
Show more
Дулат Исабеков - 2023-03-26 184
3
РАМАЗАН
Show more
Нағашыбай Қабылбек - 2023-03-24 297
4
Ермұрат Бапи: Халықтан басқа ешімнің алдында жауап беруге міндетті емеспін!
Show more
Нұргелді ӘБДІҒАНИ, Abai.kz - 2023-03-24 296
5
ӨЗБЕКСТАН ҚАЗАҚТАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН ТОЙЛАДЫ
Show more
Айгүл ТЕШЕБАЕВА, Ташкент облысы. - 2023-03-23 407