Бүгінгі бүлдіршіндер – ел болашағының ертеңгі кілті

Бүгінгі бүлдіршіндер – ел болашағының ертеңгі кілті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының үшінші бағдарын «Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция» деп тектен- текке алып отырмағаны анық. Ел Президенті «Келесі маңызды мәселе – білім беру жүйесі туралы. Бұл сала ұлт сапасын жақсарту ісінде аса маңызды рөл атқарады. Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек», дейді.

Заман бір орнында тұрмайды. Бұл ғасыр тың идеялар мен жасампаз жаңалықтың дәуірі. Оған лайық болу қазіргі жаhандану процесіндегі кез келген мемлекеттің негізгі ұстанымы. Ендеше, біздің тәуелсіз елімізде өркениетке жетелер жолдың бастауы – балабақша десек, оның жүрегі де, тірегі де педагогтер қауымы.

Халқымыздың даналары «Бір жылға жоспар құрсаң – егін ек, жүз жылға жоспар құрсаң – ағаш ек, ал мәңгілік мұратты көздесең – ұрпақ тәрбиеле» демеп пе еді. Сәуегейлеріміз айтқандай, бала тәрбиелеудің жауапкершілігі зор, салмағы ауыр міндет. Өйткені, бүгінгі жас буын ел болашағының ертеңгі кілті.

Көкбастау ауылдық округіне қарасты «Жаңа Теріс» бөбекжай- балабақшасы 2007 жылы ашылып, содан бері табысты жұмыс істеп келеді. Ұжымда жиырмаға жуық қызметкер бар. Олардың барлығы да өз жұмысын талапқа сай атқаруда.

Бүгінгі бүлдіршіндер – ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілеттерінің дамуына жағдай жасау керек. Балабақшада балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдайлар жасалған. Балабақшадағы топтар балалардың жас ерекшеліктеріне, жаңа заман талабына сай безендірілген. Олардың ән шырқап, би билеуіне музыка залы, денсаулығын анықтайтын медбике бөлмесі, әдіскер, психологтің жеке бөлмелері бар.

Мектепке дейінгі оқытудың барлық жастағы сатысындағы жүктемесі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеуде техникалық талаптарда белгіленген санитарлық талаптары мен нормалары ережелерге сәйкес келеді. Базалық оқу жоспарында әрбір жас кезеңдеріне арналған оқу жүктемесінің шеңбері белгіленген. Мектепке дейінгі ұйымдардың және мектепалды даярлық топтарының базалық оқу жоспары Қазақстан Ре спубликасының мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының бір бөлігі ретінде білім саласы мен жас ерекшеліктері бойынша мазмұнын меңгеруге күш салады. Оқу жүктемесіне бес білім саласы «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» кіреді. Педагог-тәрбиешілер күнделікті оқу қызметтерін, іс-шаралар, байқаулар, сайыстарды жоғары деңгейде ұйымдастырып отырады.

Жыл сайынғы педагогтер мен тәрбиеленушілер арасында жоспарға сәйкес ұйымдастырылып отыратын сайыстарда ұшқыр білімдерін, үздік қойылымдары мен жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ұжым қызметкерлері жүлделі орындарға ие болып келеді.

Мекеме тәрбиешілері мен бүлдіршіндері үнемі аудандық мәдени іс-шараларға, байқаулар мен фестивальдерге қатысып, жүлделі орындардан көрініп жүр. Сондай-ақ, аудандық балабақша бүлдіршіндері арасында ұйымдастырылған «Шымырлық пен шеберлік» байқауында, «Ханталапай» ойынына орт аңғы топ тәрбиеленушілері аудандық І дәрежелі, облыстық ІІ дәрежелі дипломдармен жетекшісі Лаура Ниязбаева да бірге марапатталды. «Методикалық олимп» аудандық байқауында тәрбиеші Маржан Сыдықова І дәрежелі, облыстық ІІ дәрежелі дипломмен, аудандық «Менің отбасым» атты шығармашылық байқауға тәрбиеленуші Жантөре Темірбай жетікшісі Гүлмира Ашықбаева І дипломмен, аудандық «Ең үздік психолог» байқауына психолог Нүргүл Нұрымбетова жоғары дәрежелі, облыстық ІІ дәрежелі дипломмен, облыстық «Педагогикалық инновациялық технологиялар жәрмеңкесі» ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Тәуелсіздік күніне орай, мекемеде ұйымдастырылған тәрбиеленушілер арасындағы «Жігіт сұлтаны – 2022» балалар шығармашылық байқауында өзіндік өнері мен дараланған «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушісі Сембай Айсұлтан мақтау қағазымен марапатталды.

Қазіргі өмір ағымындағы техника мен ғылымның космостық жылдамдық пен дамуына өзгермелі уақыттың сұранысына жауап беру мақсатында жас ұрпақты тәрбиелеудің түрлі жолдары қарастырылып отыр. Сондықтан, балабақшада білім берудің жаңа технологиясы әлемдік тәжірибеде қолданыс тауып, жоғары нәтиже берген, тың үлгілерінің бірі «Step by Step» технологиясы.

Бүгінде балабақшаларға «Step by Step» технологиясын енгізудегі мақсаты – әлемде ұқсастығы жоқ, ерекше әдістемені қолдану арқылы білім берудегі адамгершілік пен демократия үрдістерін қолдау және дамыту. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламалары балалардың өмір бойына әлеуметтік табыстылық пен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге, қажетті физикалық, тұлғалық, зияткерлік интеллектуалдық қасиеттерін дамытуға негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруға бағытталған. Осы орайда, «Step by Step» технологиясы баланы жеке тұлға ретінде дамытумен бірге, отбасын оқу үрдісіне т артуды қамтамасыз етеді. «Step by Step» технологиясы аясында оқыту мен тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың өзіне тән ерекшеліктері, белсенділік орталықтарында тәрбиеші, бала, ата- ана бірлесе жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, ҚР Білім және ғылым министрлігі педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталықтарында мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы әдістемелік жұмыстың ұйымдастырушылық-педагогикалық аспектілері бойынша өз білімдерін жетілдіріп отырады.

«Білім бастауын балабақшада бастап, ары қарай дамыта алған әрбір бала кемелденген Қазақстанда әрқайсысы бір тұғырда отырса, сонда біз болашақтың үлгілі, көпұлтты, мәдениеті біліміне сай алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарынан көріне аламыз. Бұл әрбір қазақстандық азаматтың басты арманы.

Осыдан 10 жыл бұрынғы балабақша мен қазіргі бөбекжай балабақшасы жайында оқу үрдісі мен тәрбие жағынан әрине, айырмашылық көп. Өйткені, мемлекетіміздің келешек экономикалық, әлеуметтік, рухани даму нәтижелері, өрлеуі мен өркендеуі бүгінгі балабақша мен мектептерде қалыптасып жатыр. Бұл жерде ең алдымен тәрбиеші бейнесі, ұстаз болмысы – үйретуші ғана емес, тұла бойы тәлімді тәрбиеге, өрелі өнегеге толы тағылымды жан. Ол болашақ қоғамның бет-бейнесін қалыптастырар бірден-бір тұлға. Ұрпағымыздың ертең қандай адам болуы – тәрбиешілер мен мұғалімдердің бүгінгі арқалар жүгі болмақ.

Сондықтан да білім-ғылым саласы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында назардан тыс қалмаған. Себебі, елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, азаматтардың білімі мен білігіне байланысты екені айтпаса да түсінікті.

Бүгінде мемлекет қолдан келген мүмкіндіктің барлығын жасап келеді. Бұл солай болуы да тиіс. Себебі, ұрпақ білімі үшін жұмсалар қаржы мен қайрат – ең қайтарымы мол, қайырымы кең игі шара екені белгілі. Бұл болашақ үшін салынған ең маңызды да мағыналы инвестиция.

 

Биғайша РАЗДЫҚОВА, «Жаңа Теріс» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі. Жуалы ауданы
19.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 39
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 191
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 187
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 154
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 300
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 298
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 518
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 471

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9173
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8571
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11799
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9569
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10779