«БҰРЫЛ»АЛҚАБЫНДАҒЫ ОН ҮШ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ

«БҰРЫЛ»АЛҚАБЫНДАҒЫ ОН ҮШ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛДІ
🔰 Биыл Тараз қаласында жол жөндеу жұмыстары қарқынды жүруде. Әсіресе, талай жылдан бері жол игілігін сезінбеген алқаптар айрықша назарда.
🔹«Бурыл» алқабы тұрғындарының да көптен бергі тілегі жол құрылысы болатын. Өйткені, бұл алқапқа халық қоныстанғалы бері бірде-бір асфальт төселмеген. Енді, міне, көптің тілегі орындалып, алқапқа тақтайдай тегіс жол төселуде.
🔹Жоба бойынша асфальт жол жабындысын төсеу жұмыстарында 33,7 шақырым, яғни «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқабында 75 көше асфальт жабындысын төсеу қарастырылған. Биыл тұрғындар сұранысына орай, қоғамдық көлік жүретін негізгі 5 көшені асфальттау жоспарланған еді. Ауа райының қолайлығына байланысты 13 көшеге асфальт төселді. Құрылыс мердігері – «Арайстроймаркет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
🔹Қазір құрылыс басында жиырмаға жуық техника, қырықтан аса жұмысшы күн-түн демей жұмыс жасауда. Мердігер мекеменің сөзінше, ауа райы қолайлы болса, қалған көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жалғасады. Ал күн райы тиісті температурадан төмендейтін болса, жұмыстар тоқтатылады.
📌Дегенмен, келер жылы қалған көшелерге асфальт жабындысын төсеу көзделуде. Осылайша бурылдықтардың жол азабынан құтылар күні жақын.
Тараз қаласының әкімдігі
29.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 14416
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 14338
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 29483
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 28112
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31647