Бұұ мінберінде айтылған батыл сөз

Бұұ мінберінде  айтылған батыл сөз

Жақында әлеуметтік желі беттерінде бурятиялық белсенді Марина Ханхалаеваның БҰҰ-ның жергілікті халықтар форумының 23-ші сессиясында сөйлеген сөзі таралды. Бурят қызы Мәскеудің озбыр саясаты туралы батыл пікірін еш ірікпестен жайып салған.

«Мен өз халқыма жасалған қылмыстар туралы айтқым келеді. Ресей 2022 жылы Украинаға басып кірді. Алғашқы кезеңде ең көп өлім-жітім Тыва және Бурятия Республикаларынан болды. Олар өзінің славян емес азаматтарын шығын материалы ретінде пайдалануда. Бурятия Республикасының астанасы Улан-Удэде үш мың адамға арналған жаңа түрменің құрылысы басталды, ал елдің батысында Свердлов облысында өткен жылы алты түрме жабылды. Славян халқы жиі қоныстанған аймақтарда түрмелер жабылып жатыр. Бұл фактілерді біз соғыста халқымыздың қасақана қырып-жоюы және жерімізді түрме колонизаторларымен қоныстандыруы деп бағалаймыз. 

Ана тілімізге де қарсылықтар жасалып жатыр, оны мектеп бағдарламаларынан алып тастауда. Оны оқу үшін факультативтік және таңдаулы пән деп танылды. Әдебиетіміз мектептерде оқытылмай, тарих отаршылдықты дәріптейтін қысқартылған түрде беріледі.

Тау-кен компаниялары барлық табиғи ресурстарды өндіруде ұстамды емес және өте ашкөз. Қоршаған ортаға инвестициясыз, республика бюджетіне салық түспей-ақ, миллиардтаған доллар алынады.

Енді Байкал маңындағы ормандар кесіліп жатыр. Бұл менің халқымның ғана меншігі емес, бірегей табиғи нысан. Мен байырғы халықтардың дүниежүзілік қауымдастығын, Ресейдің байырғы халықтарға қаратылып отырған отаршылдық әрекетін мойындауға шақырамын.  Халқымды жойып, қоршаған ортамызды талқандап, жерімізді тонап, көршілерімізбен соғысып, әлемде зорлық-зомбылық туғызуда. Халқым онша көп емес, онша бай емес, бірақ біз бармыз, тіріміз, өлуге ниетіміз жоқ», – деді Марина Ханхалаева. 

30.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 179
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 232
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 71
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 272
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 59

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3593
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3801
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18724
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17406
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20829