Депутаттық сауал

Депутаттық сауал

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты,

«AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қ. Абасовтың Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Ә.А. Смайыловқа депутаттық сауалы

Құрметті Әлихан Асханұлы!


«Көктемнің бір күні» – жылғы азық дейді халқымыз.

Бұл күндері оңтүстік өңірлерде көктемгі дала жұмыстары басталды.

Біз, Мәжіліс депутаттары күні кеше өңірлерге барғанда шаруалар көктемгі дала жұмыстары кезінде мемлекеттік қолдау шараларының жоқтығын айтып шағымданды.

Мемлекет басшысы Қ.Қ. Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында, -

«Көктемгі егіс науқаны басталады. Ең бастысы, мемлекеттің қолдау шаралары ешкімді әуре-сарсаңға салмай, дер кезінде жасалуға тиіс», - деп атап көрсетті.

Бірақ өңірлерді аралау кезінде Мемлекет басшысының атап өткен мәселелердің шешілу барысы ойдағыдай болмай отырғанына көз жеткіздік.

Бұл бірінші кезекте Ауыл шаруашылығы министрлігінің дәрменсіздігі мен әрекетсіздігіне тікелей қатысты болып отыр.

Ауылдағы қалыптасып отырған осы жағдайдан ауыл шаруашылығы министрлігі мүлде бейхабар сияқты әсер қалдырады.

Өңірлерде шаруалардың көтерген мәселелері мынадай болып отыр:

-       Бұл жеңілдетілген жанар-жағар майдың жетіспеушілігі және бағасының қымбаттылығы;

-       Минералды тыңайтқыштардың және қосалқы жабдықтардың былтырғы жылмен салыстырғанда екі-үш есеге қымбаттауы;

-       Егіс тұқымының жоқтығы;

-       Ал, «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарының қаржыландыру әлі күнге дейін басталған жоқ;

-       Министрліктің субсидия бағдарламалары бойынша тұрақты ұстанымы жоқ;

-       Ағын судың тапшылығы.  

Бұл жағдай ауыл еңбеккерлерін қатты алаңдатуда. Осы орайда өткен жылы қуаңшылықтың зардабынан әлі айықпаған диқандарға «жығылғанға жұдырық болып отыр».

Бұл зәру мәселелер ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруге және сәйкесінше шаруалардың табысына, ауыл тұрғындарының жағдайына кері әсер етеінін ескеруіміз керек.

Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін келесі іс-шараларды шұғыл қолға алу қажет.

Біріншіден, минералды тыңайтқыштарды субсидиялауды шешу.

Екіншіден, «Кең дала» бағдарламасы аясында минералдық тыңайтқыштардың, қосалқы жабдықтардың, егіс тұқымдарының бағасының қымбаттауына байлынсты  қаржы көлемін ұлғайтып, қамтамасыз ету.

Үшінші. Арзандатылған бағамен берілетін жанар-жағар маймен толыққанды қамтамасыз ету.

Төртінші. Субсидиялау тәсілдерін тұрақтандыру қажет. 

Бесінші. Мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығына берілген  қолдауды дер кезінде орындалуында Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапкершілігін қатаң сұрау қажет деп есептейміз. 

Депутаттық сауалға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде жауап беруіңізді сұраймыз.

09.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 194
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 188
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 697
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 820
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 733

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8889
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8284
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11512
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9268
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10496