Дінмұхаммед жаңа жылды жаңа үйде қарсы алады

Дінмұхаммед жаңа жылды жаңа үйде қарсы алады

Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған "Асарлатып үй салу" жобасы облыс көлемінде қарқынды жүзеге асырылуда.

Ұмыт болған сауабы мол дәстүрді қайта жаңғыртқан аймақ басшысы тұрғындардың ауызбіршілігін күшейтіп, өзара мейірімділікті арттырды.

Нәтижесінде, өткен жылы Жамбыл ауданда асарлатып салынған 10 үй берілсе, биыл 6 үйдің есігі мұқтаж деп танылған отбасыға есігін айқара ашты.

Ал бүгін Шайқорық ауылындағы аз қамтылған отбасы жаңа жылды жаңа үйде қарсы алатын болды.

6 бөлмелі үйдің еңсе тіктеуіне "Aр рашид руханият" қоғамдық бірлестігі және ауыл кәсіпкерлері мен жомарт жандары 8 млн теңге жинап, отбасына қуаныш сыйлап отыр.


Отбасының қуанышына ортақтасуға келген Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары Олжас Баққараев үй иесі Дінмұхаммедке баспана кілтін табыс етіп, ақжарма тілегін білдірсе, ауылдың қадірлі ақсақалы Орынбай Рысбаев ақ батасын берді.

Йә, үйдің еңсе тіктеуіне ауыл әкімі Бақыт Садырбаев үлкен үлес қосып, ауылдың басын қосып, игі істі аяқтауға жұртшылықты шақырған.

Таразыда салмағы мол амалға аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадияр Сәмбетов қатысты 

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
03.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

 ҚАЗЫҒҰРТТА БІРЛІК КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 01.05.2025 20
АРЫСТЫҚ ОҚУШЫ ӘЛЕМНІҢ 86 УНИВЕРСИТЕТІНЕН ШАҚЫРТУ АЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 01.05.2025 6
АСТАНАДА ЖАҢА ОРМАН ПАЙДА БОЛДЫ
Нағашыбай Қабылбек - 30.04.2025 115
АҚТӨБЕ ӨҢІРІ ӘЛИянЫҢ  100 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТУДЕ
М.ТАБЫН, Ақтөбе облысы - 30.04.2025 135
Тоқырауын толқиды, Нұра шалқып
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 30.04.2025 118

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5963
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6105
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21080
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19708
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23180