Америкалық кәсіпкер әрі бизнес-магнат Билл Гейтстің қызы үйлену тойына келетін қонақтардан коронавирусқа қарсы вакцина алуды талап еткен. Нью-Йорк маңындағы Вестчестер елдімекенінде өткен мерекелік шараға 300-ден астам қонақ шақырылған. Тойға тек коронавирусқа қарсы вакцина алғандар мен ПТР-тест теріс нәтиже көрсеткендер ғана кіре алған. «Біз тойда масканы да қолжетімді етіп қойдық. Жақын жандармен қауіпсіз жерде бас қоса алатынымыз үшін қуаныштымыз. Себебі, кей адамдар мұндай басқосулар жасай алмай жатыр. АҚШ-та да, әлемде де пандемия мұндай басқосулардың талқанын шығарды», — дейді Дженнифер. Айта кету керек, жуырда 25 жастағы Дженнифер Гейтс пен Наил Нассар мұсылманша некесін қидырған еді. Жас жұбайлар Стэнфордта оқып жүрген кезде танысқан. Нассар Чикагода дүниеге келіп, Кувейтте өскен. Оның ата-анасы Diwan Interiors International компаниясының негізін қалаған..