Экстремалды ойын-сауықты қатаң бақылау керек

Экстремалды ойын-сауықты қатаң бақылау керек

 

   КТК арнасы: «Депутат Артур Платонов үкімет отырысында экстремалды ойын-сауық түрлерін бақылауды бір ведомствоның қарауына беруді ұсынды. Халық қалаулысы бұл мәселені ұлттық деңгейде интеграция минстрлігінің қатысуымен шешу қажет деген пікірде. Яғни, министрлікке жергілікті өзін өзі басқару органдарында аттракциондарды бақылау міндетін жүктеу керектігін алға тартты. Себебі, осындай аттракциондар еуразиялық ортақ талаптар бойынша ашылып, салық төлеп жұмыстарын жалғастыруда. Депутат Қарағандыдағы биіктен секіру кезінде болған қайғылы жағдай осы олқылықтың салдары дейді. Қазанның 10 күні роупджампинг клубына келіп биіктен секірген Шахтинск қаласының тұрғыны жазатайым қазаға ұшырады. Әйелдің қазасына күдікті ретінде нұсқаушы ұсталғанымен, бұл проблема түп-тамырымен шешілмейді дейді Платонов. Айтуынша, жергілікті билік экстремалды ойын-сауық саласын бақылаудан қалған, ал арнайы заң мен ереженің жоқтығы бұл саладағылар үшін жақсы сылтауға айналыпты»,— деп хабарлады. Мәжіліс депутаты Артур Платонов: «Жергілікті басқару органдары бұл ойын-сауық түріне рұқсат бермедік деп аузын қу шөппен сүртеді. Оларға бұл ыңғайлы. Қайғылы жағдай бола қалса қатысы жоғын айтады. Ал қиылған адам өміріне кім жауап беруі керек? Сондықтан осы сұрақты үкімет деңгейінде шешуді ұсынамын»,— дейді

Ермек Сахариев
22.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 225
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 592
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 535

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9239
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8635
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11862
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9633
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10844