Ел біріншілігі: «Астана» көш бастап тұр

Ел біріншілігі: «Астана» көш бастап тұр

Алдыңғы аптаның демалыс күндері аяқдоптан Премьер-лига командалары арасында ел біріншілігінің 23-і тур ойындары өтті. Аталған турдың бірінші ойын күнінде елордалық «Астана» сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісуын», ал Қостанайдың «Тобылы» өз алаңында Шымкенттің «Ордабасысын» 3:1 есебімен жеңді. Ал «Қайсар» Қызылордада «Ақтөбеден» 0:2 есебімен жеңілсе, «Тұран» (Түркістан) мен «Шахтер» (Қарағанды) командалары арасындағы ойын 0:0 есебімен тең аяқталды. Алматының «Қайраты» өз алаңында Оралдың «Ақжайығын» қабылдады. «Қайрат» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсті. Сондай-ақ тағы екі ойында «Тараз» бен «Атырау» 2:2, алаңында Ақтаудың «Каспийі» мен Петропавлдың «Қызылжары» 1:2 есебімен ойынды аяқтады. Әзірше елордалық «Астана» 53 ұпаймен турнир көшін бастап тұрса, оны 52 ұпайы бар Қостанайдың «Тобылы» тақымдап қуып келеді. Былтырғы жылы ел чемпионы Алматының «Қайраты» ала-құла ойын көрсетіп жүр.  

 

Ермек Сахариев
08.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4930
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5095
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20054
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18698
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22156