ЕЛАНАСЫ – АУДАНЫМЫЗДА

ЕЛАНАСЫ – АУДАНЫМЫЗДА
Халықаралық «Қазақстан Дәуірі» газетінің «AMANAT» партиясымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігімен, Республикалық ардагерлер ұйымы мен «ЕлАна» қоғамдық, әлеуметтік-танымдық сайтымен бірлескен «Ауыл аманаты – ел аманаты» атты республикалық экспедициясы Жамбыл ауданында өтті.
Танымдық шараға Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл облысының және Мойынқұм ауданының Құрметті азаматы, «ЕлАна» қоғамдық қорының президенті, «Қазақстан Дәуірі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Бас директоры, ардагер ұстаз Сәуле Мешітбайқызы арнайы келіп қатысты.
Кездесуде сөз алған Сәуле Мешітбайқызы ұлт тәрбиесі, қоғам тынысы жайлы тәрбиелі әңгімелер қозғалып, қоғамның кемшін тұстарын және оны түзеуге бағыт алатын келелі ойларға қозғау салды.
Жиынға аудан әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Несіпбеков, АМАНАТ партиясы аудандық филиалының төрағасы Талап Әбдібеков, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жастар қатысты.
Жиынға қатысушылар көкейде жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды
Жамбыл ауданы әкімдігі
30.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6619
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6746
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21728
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20342
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23831