Елде ет қымбаттауы мүмкін

      Елде ет қымбаттауы мүмкін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ет бағасына қатысты өз болжамын айтқан ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев: «Ет өнімі көлеміне тоқталсақ, Қазақстанның ауыл шаруашылығы кешені жалпы етке сұранысты 100 пайыз толық қамтып отыр. Оның ішінде сиыр еті бойынша – 97 пайыз, қой етін – 100 пайыз, жылқы еті – 97,5 пайыз өз-өзімізді қамтып отырмыз. Ішкі нарықтағы етке сұраныс толығымен өзіміз өндіретін көлеммен жабылып отыр. Шетелден импортталатын ет көлемі аса көп емес. Ет бағасы өсуі ықтимал деген болжамдар бар. Биыл өздеріңіз көріп отырғандай жемшөп бағасы да өсіп отыр, сол үшін ет бағасы қымбаттауы ықтимал. Себебі ет өндіретін шаруа қожалықтары да өз шығынын жабуы керек. Қатты өсім болмайтын шығар деген үміттеміз. Ең бастысы — еттен тапшылық болмайды, себебі малдың да басы өсіп жатыр, ірі қара малды алсақ, 3,6 пайыз өсім бар. Негізінен ет көлемі жеткілікті болады», — деді.

    Ал: Елде ұн мен нан бағасы күрт өсе ме?»— деген сауалға министр: «Биыл астық түсімінің аздығына байланысты Қазақстанда дәнді дақыл өнімдерінің бағасы қымбаттайды деп күтілуде.  Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар бойынша орташа өнім әр гектардан 10 центнер деңгейінде 16 миллион тонна көлемінде болады деп күтілуде (2020 жылы – 13 центнер/га, 20 миллион тоннадан астам бастырылды). Жиналған астық ішкі сұранысты қанағаттандыруға жетеді деп сенімді айта аламыз. Бізде белгілі бір көлем бар – шамамен екі миллион тонна бидай тұқым ретінде қолданылады, мал шаруашылығында мал жемі ретінде пайдаланылады. Өткен жылғы астықтан 3,5 миллион тонна бидай қалғанын ескерсек, экспорт әлеуеті 6-6,5 миллион тоннаны құрап отыр. Ауыл шаруашылығы министрі бидай, оны қайта өңдеу өнімдері мен ұн бағасы әлемдік конъюктураға байланысты болатынын айтты. Дүниежүзілік ФАО ұйымы орта мерзімді перспективада баға өседі деп болжап отыр. Кейбір өңірде өнім төмен болып, фермерлердің шығыны көп болғанын ескерсек, бидайдың өз бағасы да өсті. Бір жағынан осыған байланысты астық бағасының қымбаттауы біздің шаруалардың, астық егумен айналысатын кәсіпорындардың қаржы жағдайына оң ықпал етеді. Олар келесі жылға дайындалуы керек. Алдағы жылғы көктемгі егіс жұмыстары үшін де қаражат қажет болады. Әлеуметтік санаттағы нан — бірінші сұрыпты ұннан дайындалатын салмағы 550 грамм бөлке нанның бағасы маңызды мәселе болып отыр. Нан бағасын тұрақты ұстап отыру үшін іс-шаралар кешенін қабылдап жатырмыз. Ең алдымен, әлеуметтік нан дайындайтын барлық кәсіпорынды қажетті бидай, ұнмен қамтамасыз ету. Ол үшін біз заңнамаға өзгертулер енгізіп, азық-түлік корпорацияларының мемлекеттік резервтегі арзан бидайды әлеуметтік нан өндіру үшін ұн тартатын кәсіпорындарға жөнелтуі қарастырып жатырмыз. Үкімет бұл мәселені тұрақты бақылауда ұстап отыр. Азық-түлік корпорациялары форвардты сатып алу есебінен шамамен 680 мың тонна бидай сатып алуды жоспарлап отыр. Осы астықтың 60 пайызы қазірдің өзінде форвардты сатып алу бойынша жеткізілді. Өткен жылғы резервті ескерсек, мемлекеттік резервте шамамен 400 мың тонна астық жатыр. Бұл нарықты тұрақтандыру үшін жеткілікті. Әлеуметтік нан бағасының күрт өсуіне жол бермейміз. Ол үшін бізде қажетті барлық құрал бар:  резервте бір миллион тоннаға жуық бидай сақтаулы. Мұны мал шаруашылығы кешенін қолдау үшін де пайдаланамыз», — деп жауап берді.  



Ермек Сахариев
22.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 225
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 361
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 592
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 535

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9239
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8636
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11862
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9633
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10844