Елордада екпе алғандар көп

Елордада екпе алғандар көп

Нұр-Сұлтан қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратовтың мәліметіне қарағанда қазір елорда тұрғындарының арасында екпе алғандардың саны көрнекті дәрежеде артқан.

«Қазір қаламызда екпенің алғашқы компонентін 527 мыңнан астам адам қабылдады. 495 мыңнан астам қала тұрғыны толық иммундаудан. Ал 58 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті. Бұл ұжымдық иммунитет. Екпе алған адам кез-келген жағдайда вирусты оңай өткереді. Енді екі жылдың алдындағыдай оттегінің жетіспеушілігінен зардап шекпейді. Адам денсаулығына қатер төндіретіндей қауіп жоқ. Бұрын дәрігерсіз, ИВЛ аппараттарынсыз жағдайымыз мүшкіл еді. Қазір мұндай қажеттілік азайды. Бұл иммунитет қалыптасқанын білдіреді. Осыған дейін қалыптасқан (вакцинацияланған) иммунитет Омикронды бірден таныған жоқ, бірақ оның да дайындығы бар. Иммунитет вирусты жеңіл түрде тасымалдауға мүмкіндік беретін антиденелер шығарады. Қазір стационарларда жатқан науқастардың 60%-ы екпе алмаған және бұрын ауырмаған. Вакцинацияланған адам да жұқтыруы мүмкін, бірақ оның реанимация төсегінде жатуы екіталай. Ковидтен толығымен құтылу үшін вакцинаның 1-2 инъекциясын алған дұрыс. Бәріңізді вакцинациядан және ревакцинациядан өтуге шақырамын. Бұл өзіңіздің әрі айналаңыздағы жұрттың денсаулығы үшін маңызды», – деді Тимур Мұратов.

 

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
03.02.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 145
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 143
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 657
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 777
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 690
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 700

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8839
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8237
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11464
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9221
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10448