Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі: «Елордада шетелдіктердің болуын бақылаудың тиімділігін одан әрі арттыру, заңсыз көші-қонды анықтау және жолын кесу мақсатында «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын өтіп жатыр. Елордалық гарнизон қызметкерлері жедел алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде шетелдіктердің Қазақстанда болу ережелерін бұзудың 633 фактісін анықтады. Биылғы жылдың басынан бері келген шетелдіктердің 10 мыңға жуығы ТМД азаматтары, ал алыс шет елдерден 3,5 мыңнан астам адам келді. «Мысалы, Елордаға алыс шетелден уақытша келген азаматтардың ішінде 369 Түркия өкілі, 148 Үндістан және 317 Ұлыбритания азаматы бар. Елордада жыл басынан бері ТМД елдерінен 6200-ден астам Өзбекстан азаматы, 1251 Ресей азаматы, 871 Қырғызстан азаматы және Тәжікстаннан 973 адам келді.