Жер аяғы кеңіген жаздың жайма шуақ күнінде ұйымдастырылған жылы жүздесулердің бірі — бүгін Ақкөл ауылында орналасқан Ақкөл орта мектебі түлектерінің 50 жылдан соңғы кездесуі болды.
Кеш басында түлектер бір минут үнсіздікпен о дүниелік боп жандарды еске алып, құран бағыштады. Марқұмдардың артында қалған ұрпақтарына ізгі тілектер айтылды.
Одан соң түлектер «ғалым да, шахтер де бас иетін» ұлағатты ұстаздарын шәкірттік сезіммен еске алды.
Ұстаздары туралы естеліктер айтып, әңгімелеп отырды.
Алтын ұядан жарты ғасыр бұрын түлеп ұшқан түлектердің әрқайсысы — әр түрлі мамандықты игеріп, еліміздің өркендеуіне үлес қосқан, өз ортасында абыройға ие болған еңбек ардагерлері.
Осыдан жарты ғасырға жуық уақыт бұрын бір партада отырған сыныптастар, бүгінге дейін бір-бірімен байланысын үзбеген.
Бүгінде жасы 70-ке таяған сыныптастар болашақта мектеп бітіргендеріне 60-70 жыл болғанда да осындай мереке ұйымдастыруға ниетті екендерін айтады