Ербол Қарашөкеев: Балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету қажет

Ербол Қарашөкеев: Балалардың қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету қажет

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, атқарушы, құқық қорғау органдары және білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен өткен отырыста балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың құқықтарын қорғау мәселелері қаралды.

Өз кезегінде аймақ басшысы кәмелетке толмағандар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыруға баса назар аудару керектігін баса айтты.

– Мемлекет басшысы Ұлттық Құрылтай отырысында балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуде олардың бойына озық құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлінуі тиіс екендігін атап өткен болатын.

Соңғы бірнеше айда облыста резонанстық оқиғалар, балалар арасындағы қорқыту, әлімжеттік фактілері орын алды. Аталған жағдайлар сапалы білім берумен қатар, балалардың адамгершілік тәрбиесіне де назар аудару қажеттігін көрсетіп отыр. Бұл үшін биліктің барлық тармақтарымен бірге ата-аналар да ұстаздармен тығыз қарым-қатынаста бірлесіп әрекет етуі маңызды, — деді облыс әкімі.

Ербол Қарашөкеев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстың негізгі бағыттарын белгілеп берді. Біріншіден, заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру және балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында прокурорлар мен полиция қызметкерлерінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту керек.

Білім басқармасына жаңа оқу жылы басталғанға дейін барлық мекемелерді кешенді қауіпсіздік жүйесімен қамтамасыз ету тапсырылды.

Облыстағы 506 білім беру мекемесінде 248 091 оқушы оқиды. Ағымдағы жылы білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларына 1 млрд 205 млн 448 мың теңге бөлінді.

– Мектептер мен интернаттардың барлық бөлігін қамтитын полиция департаментінің жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылуы тиіс. Қазіргі таңда бұл жұмыс қолға алынып жатыр, – деп атап өтті Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ дер кезінде медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстағы жайсыз отбасылардың бірыңғай базасы іске қосылады.

Арнайы жүргізілген мониторинг нәтижелері кейбір мектептерде оқушылардың жүйелі түрде сабаққа бармау фактілерінің назардан тыс қалып отырғанын көрсетті. Білім беру ошақтарында психологиялық қызметті күшейтіп, жайсыз отбасылармен нәтижелі жұмыс жүргізу міндеті қойылды.

Тағы бір маңызды мәселе – балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру. Биыл жазғы маусымда оқушылардың 87,6 пайызын демалыс және сауықтыру шараларымен қамтамасыз ету бойынша жоспар әзірленді.
Ербол Қарашөкеев балалардың қауіпсіздігіне толық кепілдік беру қажеттігін баса айтты.

Сондай-ақ облыс әкімі соңғы қоңырауды тойлау, аттестаттарды тапсыру кезінде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Аймақ басшысы мектеп директорларына білім беру ұйымдарының басшылары арасындағы рейтинг жүйесінің талаптары өзгеріп жатқандығын жеткізді. Енді мектеп басшылығы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды бірінші болып хабарлап, фактілерді жасырмаса, бұл рейтингке оң әсер етеді.

Облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аумақтық комиссияларға девиантты мінез-құлқы бар немесе өмірлік қиын жағдайдағы балалардың профилактикалық есебін жүргізуді ұсынды. Бұл ретте мұндай балалардың құқықтарын қорғау комиссиялар жұмысының тиімділігін бағалау индикаторы ретінде ескеріледі.

Басқосу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, облыс прокурорының орынбасары Нұрбек Ұласбекұлы баяндама жасады. Сонымен қатар, аудан әкімдері мен жауапты ведомство басшыларының да есептері тыңдалды.

Жамбыл облысы әкімдігі
24.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 45
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 96
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 101
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 289
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 911

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588