Ербол Қарашөкеев өңірлік ҚХА өкілдерімен кездесті

Ербол Қарашөкеев өңірлік ҚХА өкілдерімен кездесті

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Қазақстан халқы Ассамблеясының өңірлік өкілдерімен кездесті.

Жиынға қатысушылар Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында берген бірқатар тапсырмаларының орындалу барысын қарастырды.

ҚХА жастарды идеологиялық тәрбиелеу, әлеуметтік келеңсіздіктермен күрес бойынша жұмыстарды жүзеге асырады. Оның ішінде, нашақорлық, құмар ойындар, бұзақылық және ысырапшылдыққа қарсы шаралар бар. Сондай-ақ волонтерлік және жергілікті қоғамдастықтардың белсенділігін ынталандырып келеді.

– Президент бірқатар өзекті міндеттерге тоқталды. Біз осы бағытта жұмысты жүйелі түрде бірге жүргізуіміз қажет. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру мақсатында облыста арнайы Жол картасы әзірленеді, — деді облыс әкімі.

Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту басты басымдық екенін баса айтты.

Сондай-ақ басқосуда «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Мүбарак Жинақбаева, «Өзбек ұлттық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бахром Муминов, «Днепро» украин мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Тарас Леоненко, «Ордабасы» командалық ойынының Қазақстандық федерациясы» РҚБ-нің президенті Руслан Измазов сөз сөйледі.

Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі «Бейбітшілік пен келісім», «Достық керуені», «Мың бала», «Мәміле», «Мәдениетті ана – Мәдениетті ұлт» сынды жобаларды іске асыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Жамбыл облысы әкімдігі
24.05.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8985
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8380
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11605
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9363
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10589